Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3319 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 07:39

«Жетімбұрыштан» қашан құтыламыз?

 

26.04.12.
Қалаулылар халықты баспанамен қамтуға бас қатыруда. Жалпы, Қазақстан халқын «жетімбұрыш» жағалау тауқыметінен толық құтқару - «ұлттық жоба» дәрежесіне дейін көтеруге лайық мәселе. Үй иеленіп, тегіс күйі келсе, қазақстандықтар әлемдегі ең бақытты адамдарға айналмас па еді?! Қалай болғанда, қазіргі кезде Елбасы да, Парламент депутаттары да тұрғын үйді қол жетімді етуге баса маңыз беруде. Енді ел - Үкіметтен батыл қадамдар күтеді. Бірақ шенділер кері тартып, қалаулылардың жақсы ұсыныстарына бой бермей отыр. Шенеуніктердің шегіншектеуінен шаршаған депутаттар қарсы шабуылға көшіп, ел игілігіне бағытталған ізгі идеяларын заңдастыру қамына кірісіпті.

 

26.04.12.
Қалаулылар халықты баспанамен қамтуға бас қатыруда. Жалпы, Қазақстан халқын «жетімбұрыш» жағалау тауқыметінен толық құтқару - «ұлттық жоба» дәрежесіне дейін көтеруге лайық мәселе. Үй иеленіп, тегіс күйі келсе, қазақстандықтар әлемдегі ең бақытты адамдарға айналмас па еді?! Қалай болғанда, қазіргі кезде Елбасы да, Парламент депутаттары да тұрғын үйді қол жетімді етуге баса маңыз беруде. Енді ел - Үкіметтен батыл қадамдар күтеді. Бірақ шенділер кері тартып, қалаулылардың жақсы ұсыныстарына бой бермей отыр. Шенеуніктердің шегіншектеуінен шаршаған депутаттар қарсы шабуылға көшіп, ел игілігіне бағытталған ізгі идеяларын заңдастыру қамына кірісіпті.

Қазақстан Көшбасшысының бастамасы бойынша бүгінде Үкімет, атап айтқанда, Құрылыс іс­тері және ТҮКШ агенттігі «Қол­жетімді баспана - 2020» атты жаңа тұрпатты бағдарламасын жасауда. Ел асыға күткен бұл құжатты Үкіметке алдағы айда қабылдау жүктелген. Бұл ретте осы бағдарламаның жас отбасыларға арналған бағыты депутаттардың үлкен қызығушылығын туғызуда. Өйткені қазіргі құбылмалы әлем­де жастар қозғаушы күшке ай­налған. Алайда өкінішке қарай, Қазақстанда үйсіз жүргендердің ең үлкен үлесі де осы бойында бұла күші бұлқынған жас қа­зақ­стандықтардың еншісіне тиесілі болуда. Осы орайда жаңа бағдарламаның да қоғамның осы бөлігінің баспанасыздық проблемасын шешіп бере ал­майтындығы қазірден анықталып отыр. Өйткені Үкімет «жас отбасы» санатына тек ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жастан аспаған жанұя­­ларды жатқызбақ. Ал Мұрат Әбенов, Гүлнар Сейітмағанбетова сынды депутаттар қазіргі жастар­дың бәрі 29 жасқа дейін үйлене бермейтіндігін, тіпті отау құрып үлгергенімен, әлгі мерзімге дейін қажетті қаржы қорын жиып үлгере алмайтындығын алға тартып, «жастар» санатына кіретіндер жасын 35-ке дейін көтеруді ұсынуда. Қалаулылар бұл ұсыныстарын Мәжіліске енгізілген мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңа заңға бап етіп бекітпек ниетте. Айтқандай, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы жобасының әзірлену барысын «нұротандық» депутаттар 27 сәуір күні, Көшбасшы партияның фрак­циясы отырысында жеке тал­қылауды жоспарлауда. Жиын­ды «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңес ұйымдастырмақ. Бұл Кеңесті депутат Гүлнар Сейітмағанбетова басқарады.
Тағы бір белгілі болғаны, ха­­­лықтың баспана мәселесін шешу мақсатында депутат Т.Өмірзақов арнайы заңжоба әзірлепті. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін өзгертуге тәуекел етіпті. Өз ниетін Тұрсынбек Қазенұлы кеше Үкімет басшысының атына жолданған хатта білдірді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде бір топ проблема пісіп-жетілді» деп ашық айтады депутат.
Жалпы, ТҮҚЖ банкі, заңға сәйкес, өзінен 5 пайыздан ас­пай­тын арзан несие алып, ірі қа­­лалардан пәтер иеленгісі кел­­­гендерден алдымен шартқа отырып, жинақтауды бастауды талап етеді. Келісімде белгіленген мерзім ішінде, айталық, 5 жыл ішінде ол адам пәтерді сатып алуға қажетті барлық соманың жартысын өзі жинауы керек. Егер мысалға, елордадағы қарапайым, бір бөлмелі пәтердің бағасы бес миллионнан басталатындығын ескерсек, депутаттың айтуынша, «азаматтардың табатын табысы келісімді соманың 50 пайызын орта мерзімді кезеңде жинақтауға мүмкіндік бермейтін» жағдай туындайды. Бұл жерде бұған қарама-қарсы басқа бір мәселе де бой көтеріп жатады: «Қажетті соманы мерзімінен бұрын жи­нақ­таған клиенттер келісімде көр­сетілген міндеттемелердің орындалуы мерзімін күтуге мәжбүр» дейді Т.Өмірзақов. Яғни 5 жыл өтпей, арзан несие жоқ.
- Мұндай жағдайларда банкара­лық, не алдын ала тұрғын үй заемдарын бере алады екен. Алайда бұл заемдар бойынша ТҮҚЖБ ставкалары тіпті екінші деңгейлі банктердің ипотекасының став­касынан, да жоғары. Алдын ала тұрғын үй заемының жылдық тиімді мөлшерлемесі 15 пайызға дейін жетсе, аралық заемынікі - ендігі 18 пайызға таяп қалды, - деген депутат «тұрғын үй құрылыс жинағының» мақсаты «шектен тыс пайыздық ставкалар арқылы пайда табу емес, қарапайым аза­маттардың баспанаға қол же­тімділігін арттыру болуға тиістігін» айтты.
Қалаулы сол сияқты «мем­лекеттік премияны» есептеу жүйесі де қайта қарауды қажет етеді деген ойда. Оның мәліметінше, қазір мемлекеттік сыйақымен ынталандырылатын жинақтың ең жоғарғы сомасы 200 айлық есептік көрсеткішті немесе 323 мың теңгені құрайды. Салымшы ең көп дегенде мемлекеттен жыл сайын тек 64 мың теңге ғана ала алады. «Яғни 350 мың ба, әлде миллион жинадың ба, қанша жинақтағаныңның маңызы жоқ, сыйақы бірдей болады. Мұндай жүйе азаматтарды жинақтауға ынталандырмайды» деп түйген Мәжіліс депутаты Үкімет басшысы К.Мәсімовтен келесі ұсыныстарды қарауын сұрайды: Біріншіден, тұрғын үй заемын алу үшін жинақталған қаражаттың ең төменгі қажетті мөлшерін 25 пайызға дейін төмендету. Екін­шіден, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша пайыз­дық мөлшерлемесін төмендету. Үшіншіден, мем­лекеттің сыйақысы мөлшерін есептеу жүйесін өзгерту.
Тұрсынбек Қазенұлы Премьерден 2012-2015 жылдарға арналған республикалық бюд­жетті қалыптастыру кезінде қазақстандықтарға 6-8 пайыздық деңгейінде аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын ұсыну үшін Ұлттық қор қаражаттары есебінен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» мақсатты заем беру мүмкіндігін қарастыруды өтінді. «Мен тұрғын үй құрылыс жинағы заңына өзгерістер енгізу туралы арнайы заң жобасын әзірледім. Бұл заң жобасы мемлекеттік премия төлеу бөлігінде респуб­ликалық бюджет шығысын арт­тыруды қарастырады» деген Т.Өмірзақов бұл ретте Үкіметтің оң қорытындысынан үміттенетіндігін жеткізді.

Елдос СЕНБАЙ

"Айқын" газеті

 

0 пікір