Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2989 0 пікір 11 Мамыр, 2021 сағат 11:27

"Сардоба" апатына қатысы барлар сотталды

Өзбекстан соты "Сардоба" су қоймасының жарылуына қатысы бар деген 17 адамға үкім шығарды. Ондаған ауылды су басып, адамдардың өліміне себепкер болған оқиғада жемқорлық фактілерінің болғаны анықталған. .

Басты айыпталушы ретінде  «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің басшысы М. Холматов ісі қаралды. Оның қомақты қаржы жымқырғаны, техникалық қауіпсіздікті бұзғаны анықталып, қылмысқа жауапты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Су қоймасының жарылуына қатысы бар қалған күдіктілер де жауапқа тартылды. Оның ішінде алты адам алты жылға, бір адам шартты түрдегі жазаға, қалғаны айыппұл төлеуге кесілді. Естеріңізде болса 2020 жылы Өзбекстанның "Сардоба" су қоймасы жарылып, Қазақстанның оңтүстігін су басқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512