Жұма, 19 Сәуір 2024
3276 1 пікір 10 Мамыр, 2021 сағат 16:16

Чехия Ресейден өтемақы сұрамақ

Чехия Ресейден ресми түрде өтемақы талап етуі мүмкін. Прага Ресейді Чехиядағы қару сақталған қоймалардың жарылысына қатысы бар деп санайды.

"Мәселенің ең қолайлы шешімі – өтемақыны халықаралық құқық нормаларына сәйкес талап ету. Егер біз қылмыстық іс жүргізудегі залалдың орнын толтыру жолымен жүрсек, көп уақыт жоғалтамыз", — деді теледидар арқылы чех саясаткерлері.

Өтемақы ретінде 47,5 млн доллар талап етілмек. Алайда шығынның көлемі көп болса, талап етілетін өтемақы көлемі де көп болмақ.

Abai.kz

1 пікір