Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3428 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 07:23

Әсия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ. «АЛТЫБАҚАН»

Қазақ экранына тағы бір мелодрама келді. «Махаббат алтыбақанын» («Качели любви») түсірген - Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар екен. Тоқтар Қарсақбаев үшін бұл дебют деуге болмайды. Дебют емес деуге де келмейді. Өйткені осыған дейін ол кіріскен кинолардың бірде-бірі көрерменге жетпеген.

Сонымен, «Качели» басталғанда жасандылықтан жаның шығып кете жаздайды. Бұрын камера көрмеген Әділ Тәліпов жан-жағына үрке қарайды. Балалардың ғана емес, ересек актерлердің нашар ойыны, сылбыр сөз, жансыз қимыл, сөз бен қимылдың үйлеспей жатуы кино басталмай жатып-ақ, жүйкеңіздің қаншалықты мықтылығын бір сынап алады.  Біртіндеп осы жасандылық әлде азаяды, әлде оған өзің үйреніп кетесің...

Қазақ экранына тағы бір мелодрама келді. «Махаббат алтыбақанын» («Качели любви») түсірген - Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар екен. Тоқтар Қарсақбаев үшін бұл дебют деуге болмайды. Дебют емес деуге де келмейді. Өйткені осыған дейін ол кіріскен кинолардың бірде-бірі көрерменге жетпеген.

Сонымен, «Качели» басталғанда жасандылықтан жаның шығып кете жаздайды. Бұрын камера көрмеген Әділ Тәліпов жан-жағына үрке қарайды. Балалардың ғана емес, ересек актерлердің нашар ойыны, сылбыр сөз, жансыз қимыл, сөз бен қимылдың үйлеспей жатуы кино басталмай жатып-ақ, жүйкеңіздің қаншалықты мықтылығын бір сынап алады.  Біртіндеп осы жасандылық әлде азаяды, әлде оған өзің үйреніп кетесің...

Сюжет желісі «таңғаларлықтай». Марат (Ә.Тәліпов) әскерден келеді. Есіл-дерті, әрине, қызда. Әнелдің (А.Жазылбекова) үйіне телефон шалады. «Жоқ». Құдай-ау, сотка дейтін болмайтын ба еді? Қалтафон жаңадан шыққан 2000 жылдар дейін десең, көшеде 2011 жыл, жарқырап-жайнап тұр. Жеме-жемге келгенде әскерде борышын өтеп жүргендердің өзі (тыйым салынған болса да) телефон құшақтап жүреді ғой қазір. Жарайды, оны қойшы. Бұл бір досына хабарласады да, екеуі қыздарды ертіп кафеге барады. Тура сол кезде, сол жерге Әнел келе қалсын. Күйеуге тиген, жүкті. Ол Маратты көре сала «стресс» алып, мерзімінен бұрын толғатады. Баласы жансыз туылады. Өкінішті, әрине, бірақ сценарий авторы Т.Қарсақбаевтың қиялының «еріншектігін» айтамыз да. 5 минутқа жетер-жетпес сылбыр ғана әңгімеден кейін, адам құрсақтағы баласы өліп қалатындай стресс алуы мүмкін бе? Оны да қойшы. Астанаға келіп, ағасының үйіне 6 сағат бойы қоңырау басып тұрған Маратты өз қарындасы танымай қалады: «Мама, какой-то мужик!». Адам екі жылда соншама өзгеріп кетуі мүмкін бе? Әнел айтты ғой, «Бәз-баяғысың» деді. Әлде жалғыз ағасының қызы Марат көкесін өмірі көрмеген бе?.. Қысқасы, бұл эпизод та ақылға сыймайды. Содан не керек, ешқандай мақсатсыз, бізге бас кейіпкердің ағасымен еріп барған «отырысын» көрсетеді. 10-15 минутқа созылған «вешірде» Мараттың ағасының (Т.Қарсақбаев) «крутой» екенін және дәл өзіндей «қозықарындармен» бірге «Қазақстан үшін!» ішіп-жегенін көреміз. Бірақ қайталап айтамыз, сюжет желісіне «вешірдің» ешқандай қатысы жоқ. Оқиға өрбімейді. Бас кейіпкердің де мінез-құлқын, жан-дүниесін дамытуға қылаудай әсері жоқ. Бекер кеткен уақыт, шығындалған таспа. Қойшы, ары қарай. Әнел «Сенатордың баласымен» ажырасқан. Ойламаған жерден ол Мираның (Д.Тілендиева) қойын дәптерінен Мараттың суретін тауып алады. Екі ортада айта кетейік, құрбылардың «Раушанға барудан» басқа жұмысы жоқ. Сол уақытта жігіт Мираның телефонына қоңырау шалсын. Ал ол телефонын қолдан түсіріп алып, «Жаңа телефон сатып алармын-ау, бірақ Мараттың нөмірі өшіп кетті» дейді «көріпкелдік» танытып. Осы екі арада бас кейіпкеріміз шетелдік «психиатрмен» (өздері солай айтады) кездесіп, өзінің «исключительный» екенін біледі. Соның дәлелі ретінде «студент» досымен бірге қару көруге барады. «Бандиттер» - Кинг-Конг, Кабан және Удавпен танысады. Кездейсоқ әңгіме барысында Удав қыз кезінде зорлап үйленген әйелімен ажырасқанын айтады. «Исключительный» Марат сол мезетте үш дәуді ұрып жығып, жаужүрек жеңімпаз болып үйіне қайтады. Аулада лирикалық ойларға беріліп, «Махаббат алтыбақанында» отырғанда, Әнел келе қалсын. Екеуі түсінісіп, табысып, құшақтасып үйге кіре бергенде, «Хаммер» көлігі келіп, атып кетеді. Әнелді. Жап-жақын жерден жігітті көздеп тұрып қызды атып кеткені қызық та. Одан да қызығы, жүріп бара жатқан мәшиненің артқы жағынан жіберіп ұрған тас көліктің алдыңғы терезесінен кіріп, ішінде отырған Кинг-Конгтың майлы денесіне дөп тигені де. Қысқасы, қос ғашық араздасады да, сонымен кино бітеді.

Ешқандай «құпия» қалдырмай, киноның бар сюжетін айтып беруге тура келгені үшін кешірім сұраймыз. Байқағандарыңыздай, көріністерде ешқандай логикалық даму, байланыс жоқ. Ең негізгі оқиғалар аяқ астынан болады. Сосын түйсік айтады, оқиға басқа бір дәуірде (бәлкім 90-жылдар) өтуі керек сияқты. Әйтпесе байшыкеш «Нұрекенің» інісі ненің ақысына екі жыл әскерге баруы керек? Қазір қай «шишканың» баласы көше сыпырып, таяқ жеп, қоқыс жинап... екі жыл бойы әскердің «қызығын» көреді? Егер қисынға салып, қыз бен жігітті ажырату керек болса, бұл жігіт әскерге емес, Америкаға оқуға барып қайту керек еді. Ал әскерге бару шарт болса, онда Мараттың дәл бүгінгі күні қалталы азаматтың інісі болуға құқығы жоқ. Қысқасы, киноға қарап отырып, режиссер 80-90-жылдарда қалып қойғандай әсерде боласың.

Соңғы кездегі қазақ киноларының кез келгені сияқты, бұл фильмді де шетелдік актер, («Санта Барбараның» «жұлдызы») Лэйн Девис те құтқара алмаған. Басқа актерлерге келсек. Мараттың досы «студент» емес, 30-40-қа келіп қалған «сүрдің» өзі. Аружан Жазылбекова - қазақ киносындағы ең сұлу ғана емес, ең сүйкімді арулардың бірі. Жылаңқы рольді жақсы жеткізген. Бұл киноны тек Алматының көріністері мен Аружанның жылағаны үшін ғана көруге болады. Белгілі дирижер, Нұрғиса Тілендиевтің қызы Динара Тілендиева өзінің актерлік қырын да сынап көрген екен. Суық, ақылды, әділ бойжеткеннің ролін жаман сомдаған жоқ. Иығы қушиып жүретін Әділ Тәліповті де (алғашқы 10-15 минутты есепке алмағанда) экранға келген жаңалық демесек те, әйтеуір міндетін атқарды деуге болады.

Ең қызығы, қазақ соншама сезімтал, «сентиментальный» халық бола тұра, мелодрама жанрының түтінін түтете алмай келеді. Осы тұрғыдан алғанда «Махаббат алтыбақаны» екіұшты ой қалдырды. Біріншіден, бұл Еркін Рақышевтің киноларын тамсанып көретін көрермен үшін тағы бір таптырмас «олжа». Жалаң сезім іздеген адам жоғын табады. Ал кәсібилік, қиялдың ұшқырлығы, елден ерекше сюжет, керемет мағына, көркемдік шындық іздеген адам алты шақырым алыс жүргені жөн.

«Әй» дейтін әже қалмаған заман ғой, бірақ ең қорқыныштысы, осындай ортанқол дүниелердің халықтың ақшасына түсірілетіні де..

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592