Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3960 0 пікір 10 Мамыр, 2021 сағат 14:07

«Үлкен жетілік» елдері Ресейлік пропагандамен күреспек

«Үлкен жетіліктің» қатысушыларына (G7) белгілі бір механизмді қолдана отырып, ресейлік үгіт-насихатпен күресу ұсынылды. Бұл туралы жексенбі, 2 мамырда Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб мәлімдеді.

Осылайша, G7 елдері «үгіт-насихат және дезинформация» саласында жедел жауап беріп, Ресейді ұстауға мүмкіндік беретін ұжымдық механизмді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырғалы отыр. Рааб G7 «фейк жаңалықтар, жалғандық пен пропаганда» пайда болған кезде Ресей, Қытай және бүкіл әлем азаматтары теріске шығарып, шындыққа жанасатын фактілерді ұсыну үшін ұжымдық әрекет ету керек деп түсіндірді.

Сыртқы істер министрі сонымен қатар Ресей мен Қытай Батыс елдерінде сенімсіздік туғызуға тырысып жатқанын атап өтті. Ол осындай елдер белсенді таратқан жалған ақпаратты еске түсірді. Мысалы, COVID-19 вакциналарына қатысты, сайлауға араласу немесе жаңалықтар лентасы туралы.

3 және 5 мамырда G7 сыртқы істер министрлері Лондонда кездескен. Бұл соңғы екі жылдағы алғашқы бетпе-бет кездесу. Іс-шараға сонымен қатар еуропалық дипломатияның басшысы Хосеп Боррелл және Австралия, Оңтүстік Африка, Үндістан және Оңтүстік Корея өкілдері қатысады.

Сәуірде АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс Ресейді Украинаға қарсы пропаганда жасады деп айыптады. Оның айтуынша, АҚШ Ресей қаупінен қорғау үшін Украинаны қолдай береді.

Abai.kz

0 пікір