Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 06:59

Қонаев – 100: шахмат және бильярдтан республикалық турнир

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралардың беташары - шахмат және бильярдтан республикалық турнир ертең, 27 -нші сәуір күні Алматыда салтанатты түрде басталмақ.

Д.Қонаевтың 100 жылдығын мерекелеу шараларын ұйымдастырушы комитет аталған турнир Алматыдағы «Опиум» (бұрынғы атауы - "Фараон") бильярд клубында сағат 10-нан басталатынын хабардар етеді.

Турнирге Д. Қонаевтың көзін көріп, жанында болған серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәжіліс депуттары қатыспақ.

Шараның бас демеушісі - «Таң Шығыс» компаниясы мен «Ақ жол» партиясы.

Турнирді ұйымдастырушылар - Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі. Ғабит Мүсірепов атындағы республикалық қоғамдық қор - төрағасы Ғабиден Жәкеев.

Турнир мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, «Мамыр» ықшам ауданы, «Опиум» бильярд клубы.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралардың алғашқысы - шахмат және бильярдтан республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне және турнирге қатысамын деушілерге есік ашық.

Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар туралы қосымша мәліметтерді Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ғабиден Жакеевке (байланыс телефондары: 8 701 777 1969; 8 707 811 3007) хабарласып білулеріңізге болады. Іс-шаралардың ақпараттық демеушісі www.abai.kz  ақпараттық порталы мен www. masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564