Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3131 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 05:20

Шәріпхан Қайсар. Қазақ көшін тоқтату керек!

Осы мен ойлаймын, жалпы Кеңес одағынан бөлініп шыққан Қазақстан баяғы қалпында қалғанда, бұдан әлде қайда жақсы болар еді деп. Шеттен қазақтар қалай келді, ел іші алатайдай бүлінді: Сәбет одағының, тіпті әлем тарихында болмаған жемқорлық басталды. Қазақ тілінің мәселесі деген пәле шықты. Кең байтақ жер тарлық ете бастады. Көшіп келген қазақтармен бірге лаңкестер қаптады.

Енді осы және осыларға ұқсас жайттарды тізіп айтайық.

Оралмандардың келуі мұң екен қазақтың саны тым артып, 70 пайызға бір-ақ шығып кетті. Қазақтардың үлес салмағы 70 пайызға жетіп жығылғаны 2009 жылғы халық санағынан кейін белгілі болып, билік әлеуметтік мәселелердің күрделене түскенін қапсыз аңғарды. Сондықтан көші-қонның тоқталғаны өте дұрыс шешім болды!

Қазақ көші, рас, мүлдем тоқтап қалған жоқ. Бірақ квота қысқарып, өткен жылғы қабылданған «Халықтың көші-қон» заңы бойынша, қазақтарға азматтық беру ісі тоқтатылды. Сөйтіп «дағдарысқа қарсы Үкімет» атанған Мәсімов Үкіметі мемлекет қаражатын үнемдеп, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алды. Әйткенменде, қауіп сейілмей тұр. Ол қауіптің басы ретінде «Жаңаөзен оқиғасын»  қадап айтқымыз келеді. Жаңаөзен оқиғасына оралмандардың кінәлі екенін билік аса қырағылықпен байқап, жалпақ жұртқа жария еткенін естеріңізге сала кетейік.

Сырттан келген қазақтармен бірге көпұлтты, көп дінді елімізде ұлттық мәселелер, соның ішінде тіл мәселесі өршіп кетті. Осы мәселені Шаханов сияқты ұлтшылдар саяси ойынға айналдырып, ел ішінің берекесін кетіруге ентіге кірісті. Осы дұрыс па, ағайын, айтыңдаршы? «Үй өзімдікі демегін үй сыртында кісі бар» деп дана бабаларымыз  бекерге ескертті ғой дейсіңдер ме? Қазір қит етсе, коммунистер билігіндегі орыс отаршылдығын айтып ойбайлайтын болдық. Ал, шындығына келсек,  орыс халқынан не зиян көрдік? Орыс ұлты бізге білім жарығын түсірді, қалалар салып берді. Көзімізді ашты. Біз деген жасыратыны жоқ, сар далада сағым қуып, сар қымызды сапырып ішіп, керегенің көзінен қой баққан халық едік қой. Орыстың арқасында міне, жалғанды жалпағынан басып жүрген жоқпыз ба? Бүгінгі әлем таныған замануи Қазақстанның қазіргідей деңгейге жетуіне орыс халқының еңбегі зор. Оны ешқашан ұмытпауымыз керек.

Оралмандардың оралуы Қазақстанның көпұлттылығына көлеңкесін түсірді. Қазақстанда қазір екінің бірі қазақ болып кетті. Тіл мәселесінде де қазақтардың басымдығы айқын байқала бастады. Бізге керегі бұл емес. 50-60 жылдан бері ресми тілде сөйлеп келген, сол тілде ел басқарған азаматтарды аз жылдың ауанында қазақша сөйлету алдымен мүмкін емес, екіншіден, оларға, олардың үрім-бұтағына обал. Неге обал-сауапты ойлап қоймаймыз осы?!. Мәселен әлем миллиардерлерінің қатарынан орын алған Тимур Құлыбаевқа қалай қазақша сөйле деп талап қоюға болады? Тимур сияқты алтын басты азаматтарға қысым жасай берсек, бір күні шамданып, шамаданын арқалап шетелге кетіп қалады ғой. Сонда қайтпекпіз? Бізге осы керек пе? Сондықтан шеттен келетін қазақтардың көшін тоқтатып, есесіне тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау заманда тарихи отандарына көшіп кеткен бұрынғы отандастарымыз - өзге ұлт өкілдерін қайтарып алуымыз керек. Олардың алдыңғы легі келіп те жатыр. Ол көш туралы БАҚ, соның ішінде ел газеті «Егемен» ерекше екпінмен жазуда. Мен ел газеті «Егемен Қазақстанның» отандастарымыз туралы жазған мақалаларын емініп отырып оқимын. Барлықтарың соны оқыңдар! «Қазақстан»  мен «Хабар» сияқты мемлекетшіл арналар да адамның жанын сүйсіндіретін хабарлар беруде. Түрік, кәріс сериалдарын қысқартып, көші-қонның осы түрін, яғни отандастар көшін бұдан ары дәріптей түскеніміз абзал.

Сөзіміздің тоқ етерінде айтарымыз: елімізге тыныштық керек. Әлеуметтік тұрмысыздың жақсара түскені керек. Жемқорлықтың тиылғаны керек. Ол үшін сырттан келетін қазақтардың көшін түбегейлі тоқтату керек. Көшіп келіп, қоныстанғандарды, қоныстанып қана қоймай жоғарыда айтылған мәселелерді қоздырып жүргендерді келген елдеріне кері қайтаруымыз керек. Көштің тамыры тым тереңде. Қуа берсек қателіктің басы - Хрущев пен Қонаевта. Хрущев пен Қонаевтың заманында қытайдан жұмыс күші ретінде 200 мыңға жуық қазақ отбасы көшіп бері қарай өтіп кеткен екен. Сондай  көштің легінде келген, қазір көзі тірі, қазаққа сөзі жүріп, қоғамдық пікірге ұлтшылдық мәселесінде ылғи ықпал ететін   Қабдеш Жұмаділов, Қажытай Ілияс сияқтыларды да ҚХР-на қайтаруымыз керек. Сол кезде Елбасымыздың кемел саясатын кедергісіз түсініп, ілгері басып, қарыштап дамитын ел боламыз.

P.S. Құрметті оқырман, қате түсініп қалмаңыздар, бұл менің емес, Мәсімов Үкіметінің және «қара орыс» атанғандарына мәз қазақтарымыздың ойы мен арманы. Біз соның бәрін «хатқа түсіріп» интернет иіріміне жолдадық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565