Жұма, 19 Сәуір 2024
3180 1 пікір 9 Мамыр, 2021 сағат 12:40

Ауғанстанда жойқын жарылыс болды

Кабулдың батысындағы қыздар білім алатын мектепте жарылыс болып, 27 адам қаза тапты. Жарылысты лаңкестер қасақана қыздар мектебінің маңында жасаған. 

Жарылыс салдарынан 50-ден астам адам жарақат алған. Билік жарылысты "Талибан" қозғалысы ұйымдастырды деп мәлімдеді. Алайда талибтер ол айыптауды жоққа шығарып, жарылысқа қатыстары жоқтығын жеткізді. Жарылыс ауыз ашар алдында болған.

Abai.kz

1 пікір