Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 3484 1 пікір 7 Мамыр, 2021 сағат 11:53

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», – деп жазды ол.

Айта кетейік, 28 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңындағы Ак-Суу дариясындағы (“Головной”) бастоған маңында екі ел тұрғындары арасында қақтығыс болды. Екі тараптан да бірнеше адам қаза тапқан.

Abai.kz

1 пікір