Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3289 0 пікір 25 Сәуір, 2012 сағат 09:17

Астанада «Қытай тілі - көпір» XІ республикалық олимпиаданың шешуші сайысы өтеді

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада «Қытай тілі - көпір» XІ республикалық олимпиаданың шешуші сайысы өтеді.

Олимпиада 28 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтеді. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытай тілі факультеті мен Конфуцзы институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуцзы институты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Конфуцзы институты, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы Конфуцзы институты, Алматы қаласы Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясы және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жанындағы Қазақ-қытай білім және ғылым орталығынан жолдама алған студенттер қатысады.

Олимпиада барысында қатысушылар Аспанасты елінің тілінде өзін-өзі таныстыру, сұрақтарға жауап беру, өнер көрсету сынды тапсырмаларын орындайтын болады.

Сайыстың бас жүлдесін иеленген студент «Қытай тілі - көпір» Әлемдік олимпиадасына қатысуға және ҚХР-ға барып келуге жолдама алады.

0 пікір