Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6036 0 пікір 25 Сәуір, 2012 сағат 09:04

«Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні» атты библио-керуен

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Мәдениет сенбілігі» акциясы аясында 2012 жылы 21 сәуір күні Цементшілер кентінде орналасқан № 1 кәсіптік лицейдің жасыл алаңында лицей оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні» тақырыбында библио-керуен өткізді. Шараға қатысушыларға Дүниежүзілік кітап және авторлық  құқық күні мерекесі және кітаптар әлемі туралы қызықты ақпараттар берілді. «Кітап әлемінде» блиц-байқауы 3 тур бойынша ұйымдастырылып, жастар көңілінен шықты. Байқаудың  бірінші туры «Бой сергіту» бойынша Абайдың «Қара сөздерін» кім қаншалықты біледі?,  т.б. қойылған сауалдарға жауап беруге жастар белсене қатысты. Екніші тур: «Әдеби калейдоскоп» бойынша өлең жалғастыру, кім қаншалықты поэзияны білетіндігін анықтау мақсатында атақты ақындар өлеңдері бойынша өлеңдерді жатқа айтып, өз білімдерін шыңдады. Колледж оқушысы Лемдиянов Тимур өзінің шығарған өлеңін жатқа айтып, Сергазин Бауыржан, Тюклин Павел, Назарова Таисия, Дуйсембаева Аида, Абдрахманов Нұржан т.б. оқушылар және лицей мұғалімдері поэзиялық сұрақтарға белсене қатысты. Үшінші «Білгірлер» туры бойынша кімнің қаншалықты кітап оқығандығын білу мақсатында  «Қарасөздердің», «Соғыс және бейбітшілік», «Герои нашего времени», «Капитан қызы» шығармаларының және т.б. авторларын анықтау мақсатында қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Мәдениет сенбілігі» акциясы аясында 2012 жылы 21 сәуір күні Цементшілер кентінде орналасқан № 1 кәсіптік лицейдің жасыл алаңында лицей оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні» тақырыбында библио-керуен өткізді. Шараға қатысушыларға Дүниежүзілік кітап және авторлық  құқық күні мерекесі және кітаптар әлемі туралы қызықты ақпараттар берілді. «Кітап әлемінде» блиц-байқауы 3 тур бойынша ұйымдастырылып, жастар көңілінен шықты. Байқаудың  бірінші туры «Бой сергіту» бойынша Абайдың «Қара сөздерін» кім қаншалықты біледі?,  т.б. қойылған сауалдарға жауап беруге жастар белсене қатысты. Екніші тур: «Әдеби калейдоскоп» бойынша өлең жалғастыру, кім қаншалықты поэзияны білетіндігін анықтау мақсатында атақты ақындар өлеңдері бойынша өлеңдерді жатқа айтып, өз білімдерін шыңдады. Колледж оқушысы Лемдиянов Тимур өзінің шығарған өлеңін жатқа айтып, Сергазин Бауыржан, Тюклин Павел, Назарова Таисия, Дуйсембаева Аида, Абдрахманов Нұржан т.б. оқушылар және лицей мұғалімдері поэзиялық сұрақтарға белсене қатысты. Үшінші «Білгірлер» туры бойынша кімнің қаншалықты кітап оқығандығын білу мақсатында  «Қарасөздердің», «Соғыс және бейбітшілік», «Герои нашего времени», «Капитан қызы» шығармаларының және т.б. авторларын анықтау мақсатында қойылған сұрақтарға жауаптар алынды. Жеңімпаздарға кітап, қалам сыйлыққа таратылды. Кітап мерекесі күні құрметіне жастарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында колледж кітапханасына кітаптар топтамасы сыйлыққа берілді. Шара өткізілген №1 лицей цементшілер кентінде, лицей маңына Ж.Кәрменовтің есімі берілген көше жақын орналасқандықтан, жастарды көше тарихымен таныстыру мақсатында «Сен, өз көшеңнің тарихын білесің бе?» буклеттер сериясы бойынша әзірленген «Жәнібек Кәрменов көшесі» тақырыбындағы буклет пен «Кітапхана сайты», «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» тақырыптарында буклеттер мен  бетбелгілер үлестірілді.

Шара соңында колледж оқу ісінің меңгерушісі Рима Халитқызы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Мәдениет сенбілігі» акциясын ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, осындай танымдық шаралардың оқудан тыс уақытта да өтуін қызу қолдайтынын білдірді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір