Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
6524 25 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 15:28

Көп балалы ана көмек сұрайды

«Capital Holding» инвестициялық компаниясының
құрылтайшысы Нұрәлі Рахатұлы Алиевке!

Құрметті Нұрәлі Рахатұлы!

Мен Бесенбаева Агайша Тұтқабайқызы, 31.10.1980 жылы Жаңақорған ауданы,Қызылорда облысында туылғам, тіркелген мекен-жәйім: Алматы қаласы, Жетісу көшесі 9а.

Көп балалы ана ретінде (екі ұлым мүгедек) шарасыз түрде сізден қиылып көмек сұрауға мәжбүрмін. Қысқаша өмірбаянымды айтсам, 10-жылдай Алматы қаласында үй-күйсіз, яғни бес баламен өлместің күнін кешудемін.

Сонау туған жерім Қызылордадан Алматыға келуімнің негізгі мақсаты - мүгедек екі ұлымды білікті дәрігерлерге көрсетіп емдету еді. Өкінішке орай дәрігерлер тарапынан еш нәтиже болған жоқ, көп жылдар бойы ауру балаларымды асырап бағу үшін кез-келген ауыр жұмыстардың бәрін жасадым. Әлеуметтік таршылық пен баспанасыз өмірден денсаулығым күрт сыр берді, бұл жағдайлар мені психологиялық және физиологиялық ауруға душар қылды.

Қаншама жыл Алматыда жүріп, көп балалы ана ретінде тұрғын үй кезегіне арыз бере алмауымның басты себебі - Қызылорда қаласы, Арай мөлтек ауданы, Ұбсұлтан Аяпов үйі, 2 К адресі бойынша менің жеке атыма үй тіркелгені кедергі болып тұр.

Бұл жер учаскесі, кейін ол жерге көп бөлмелі зәулім үй салынған, атап айтсам өзіме жақын туыс болып саналатын Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің 16.07.2914 жылғы, мемлекеттік нөмірі 2112 қаулысымен маған беріліп бекітілген-ді.

Содан ауру-мүгедек балаларымның емі деп, яғни күнкөрістің қамымен жан-қайғы болып жүргенімде қала әкімі, туысым Нұрлыбек Нәлібаевтің көмекшісі Нұрымжан Сопбеков ағамыз (ол кісі де жақын туысым) ұмытпасам 2017 жылдың шілде айында маған телефон шалып, Қызылорда қаласына тез арада келуімді өтінді. Қызылордаға арнайы барып кездескенімде жер учаскесі бос-қаңырап тұрса мемлекетке кері қайтарылатынын қатаң ескертті және мені амалсыздан жерді бөтен өздерінің адамына сатуға итермеледі, яғни заңды білмеуім мен келісім-шарттың орысша нұсқасын түсінбеуім, одан қалса қаржылық мүшкіл жағдайымды пайдаланды. Қазір есептеп қарасам ол құры жердің шынайы нарықтық бағасына пәтер сатып алуға болады екен. Сондықтан да тамыр-туысым Сапарбаевтар әулетінің кесірінен көп балалы аналарға арналған тұрғын-үй әлеуметтік жобаға байланысты кезекке тұру маған әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Құрметті Нұрәлі Рахатұлы!

Шыны керек психикалық күйзеліс пен баспанасыз өмірден әбден титықтадым, кейбір кезде өзіме қол салғым да келеді. Өзіңізден осы қасиетті Рамазан айында жанжүрекпен қиылып сұрайтыным, балаларым үшін баспана мәселесін тез арада оңтайлы шешіп берсеңіз. Бар үмітім тек сізде!

Құрметпен көп балалы ана Ағайша Бесенбаева

Abai.kz

25 пікір