Жұма, 29 Наурыз 2024
3428 0 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 11:58

Цой: 1,5 миллионға жуық адам екпе алды

Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам екпе алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

- «4 мамырдағы жағдай бойынша республикадағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28 пайызды құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында 60, Алматы қаласында 57, Қызылорда облысында 59, Алматы облысында 56 пайызды, ал реанимациялық төсек-орындар жүктемесі Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысында 62, Алматы қаласында 52 пайызды құрап отыр», - деді министр.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх вакциналары қолжетімді.

- «Шамамен 1,5 млн адам немесе халықтың вакцинациялауға жататын санатының 15 пайызы екпе алды», - деді Алексей Цой.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616