Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4087 0 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 11:45

63 елдің журналистері Путинге қарсы шықты

Әлемнің 63 елінің 250-ден астам журналисі Ресейдегі DOXA, "Медуза" және "Важные истории" басылымдарына қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. Журналистердің ашық хатын DOXA студенттік журналы сайтына жариялады. Бұл туралы centralasian.org сайтына сілтеме жасап, Abai.kz сайты хабарлайды. 

"Ресейде билікке Владимир Путин келгелі бері мемлекет заңдық шектеулер қойып, айыппұл салып, қылмыстық істер қозғап және қожайындарын алмастыру арқылы тәуелсіз БАҚ-қа қысым көрсете бастады. Соңғы айларда тәуелсіз медиаларға жасалған шабуылдар күшейді. "Шетел агенті" заңы басылымдарға бірқатар атқарылуы мүмкін емес талаптар қояды. Оны орындай алмағандарға ірі көлемде айыппұл салып, сайтты бұғаттап, журналистерге қылмыстық іс қозғауы мүмкін", - деп жазылған хатта.

Оның авторлоры "Важные истории" басылымының бас редакторына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, DOXA журналының төрт редакторына қарсы қуғындау болып жатқанын және "Медузаның" "шетел агенті" деп табылғанын атап өткен.

Хатқа The Guardian, The Washington Post, Le Monde, Süddeutsche Zeitung, Reuters, "Неміс толқыны", "Украинская правда" секілді басылым журналистері қол қойған.

Ресей осы уақытқа дейін ондаған БАҚ-қа айыппұл салып, жұмыстарына кедергі жасап келеді.

Abai.kz

0 пікір