Жұма, 29 Наурыз 2024
3225 0 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 10:39

Чехияда Pfizer және Moderna вакциналарының екі дозасын салу аралығы ұлғайтылды

Чехия үкіметінің денсаулыққа қауіп-қатер жөніндегі кеңесі коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарының бірінші және екінші дозаларын енгізу аралығы 42 күнге дейін арттыруды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ukrinform сайтына сілтеме жасап.

«Жақында тіркелген адамдар Pfizer / BioNTech және Moderna вакцинасының екінші дозасын 42 күннен кейін алады. Кәсіби тұрғыдан бұл – қалыпты жағдай, уайымдаңыздар», – деді Чехияның денсаулық сақтау министрлігі Твиттер парақшасында.

Ведомство мұндай аралық көптеген адамдарға вакцина алуға, демек, аз уақыт ішінде көп адамды қорғауға мүмкіндік беретіндігін алға тартты. Дегенмен AstraZeneсa препаратымен вакциналауда мұндай өзгерістер жоқ. Екпе алу арасындағы ұзақтық – 13 аптаға дейін.

Pfizer / BioNTech және Moderna өндірген препараттар республикадағы вакциналардың 85%-ын құрайды. Бас кезінде Pfizer / BioNTech вакцинасын алу аралығы 21 күн, Moderna үшін 28 күн болған еді.

Қазіргі уақытта Чехияда 1,13 млн адам екпе алды. Бұл халықтың 10 пайызына жетпейді, яғни 445 мыңға жуық адам.

Worldometer мәліметтері бойынша әлемде коронавирус инфекциясының 128, 787 576 жағдайы тіркелді, оның 2,815,026-сы көз жұмды, 103,915,264 адам емделіп шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616