Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 16711 0 пікір 13 Сәуір, 2021 сағат 18:13

"Атамекенге" ат басын бұруда

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына бесінші жыл. Бес жыл ішінде қазақ қоғамы айтарлықтай үлкен саналық трансформацияны бастан кешірді десек те болады. Латын әліпбиі негізіндегі жаңа әліппені еңгізу мәселесі талқыланып жатыр. Жаңа латын әліпбиі дегеніміз үлкен қадам. Бұл жылдар бойы кириллицаны қолданып келген қазақ қоғамы үшін алға жылжудың бір көрінісі. Себебі латын әліпбиі арқылы біз ағлышын тілді және түркі тілді қауымдастықтармен бірлесетін боламыз. Себебі әлем латын әліпбиі негізінде күн кешіп келеді. Артынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында да жұмыстар атқарылып келеді. Күні кеше ғана төртінші маусымның жеңімпадары елге танылды. Президент арнайы құттықтап, оларға сенім артты. Сонымен қатар «Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасын да есте сақтайға тиіспіз. Ең құнды әрі маңызды жобалардың бірі. Жоба аясында әлемге танымал кітаптар аударылды, олар енді қазақ тілінде сайрап тұр. Тарих, саясат, экономика, менеджмент бойынша үздік туындыларды мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндік алдық. Бұл дегеніміз қазақ тілінің де дамуына үлес қосылып жатқаны деген сөз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі ол оның ішіндегі кіші бағдарламалардың болуы. Соның бірі «Атамекен» бағдарламасы. Атамекен бағдарламасы туған жеріңе ту тігіп, кіші отаныңды дамытуға барыңды салу, үлесіңді қосу. Қайырымдылық пен еріктілікпен айналысу.
Халықтың азаматтық белсенділігі «Атамекен» кіші бағдарламасына кіретін қайырымдылық және волонтерлік сияқты салаларды дамытудың негізі деп есептеледі. Елдің қоғамдық сана-сезімін дамытудың барлық сатылары фокус-топтық талқылаулар барысында сұрақтардың толық жауап беру арқылы зерттелетіні белгілі. Сонымен бірге халықтың әлеуметтік мәселелерді дербес шешуге дайындығы жөніндегі қызметі жергілікті атқарушы органдардың мінез-құлқына, азаматтық қоғам белсенділеріне қолдау көрсету деңгейіне тікелей байланысты.

«Егер сіз тұратын облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысу мүмкіндігі болса, сіз қатысасыз ба?» деген сұраққа барлық өңірлерде көпшілік белсенді азаматтығын білдіріп, өзгерістерге қатысуға ниет білдіргенін арнайы әлеуметтік желілер арқылы қойған сұрағымыздағы жауаптардан байқадық.

Көпшілік трлі жауап беріп жатты. «Біз бәрімізді белсенді түрде жазамыз», «Біз әлеуметтік желілерде белсенді түрде жазамыз» дегендер көп болды. Олар өз отандарының дамуына үлес қосып, кемшіліктерді әлеуметтік желі арқылы айтуға мүдделі.

Оңтүстіктегі халықтың біраз бөлігі бос уақытта өздерінің туған жеріне, идеологиялық және рухани қоғамның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндіктері бар. Үлкен қалаларда, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында, қоғамдық іс-қимылдарға мәжбүрлеп тартылған өткен теріс тәжірибелермен қолдау тапқан бастама болмаған. Алматыда белсенділіктің жоғарылауы халықты ағымдағы жобалардың сапасын жақсарту және олардың прогрессивті жүзеге асырылуы үшін азаматтық бастамаларды оңтайландыруға әкелгенін де айта кетуге тиіспіз.

Кіші «Атамекен» жобасы аясында үлкен шаруалар атқарылып келеді. Жобаның басты мақсаты өз өңіріне көмектесу екенін ұмытпауға тиіспіз. Яғни қайырымдылық көрсету, кіші отаныңа қолыңнан келгенді жасау. Біз барлық мәселені мемлекет шешіп беруін қалайтын қоғамда күн кешіп жатырмыз. Алайда мәселе тек қана мемлекеттің араласуымен шешілмейді, көп жағдайда ол жергілікті тұрғындардың бастамасымен, тіпті солардың өздерінің мұрындық болуымен шешіліп отырады. Ауылдың ойы мен қырын, суы мен нуын сол ауылдың тумасы ғана біледі. Сол ауылдың тумасы ғана сол ауылдың мәселесін жетік біледі. Өз ауылына жаны ашып, көңілі түсіп, құлазиды. Оның көркеюі мен дамуын қалайды, сол үшін барын салады, тырысады. Міне дәл сондай азаматтарды өз ауылына қол ұшын беруге ынталандыру мақсатында аталмыш бағдарлама «Рухани жаңғыру» аясында жасалып шықты. Бағдарламаның мақсаты да сол ғой, рухты жандырып, ішкі жан-дүниеңе өзгеріс әкелу. Қайырымдылыққа шақыру, үгіттеу, насихаттау.
«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында талай шаруа атқарылып келеді. Осы уақытқа дейін 100-ден астам ауылға су тартылды, көпір салынды, жол жөнделді. Оның барлығын істеген сол ауылдан түлеп ұшып, қанаты қатайып, қалтасы қаржыға толған қайырымды кәсіпкерлердің арқасы, жылыжүрек жандардың себебі. «Атамекен» бағдарламасы аясында 2017 жылы 2.8 млрд теңгеге қайырымдылық жасалған. Барлығы да ауыл кәсіпкерлерінің, аудан меценаттарының арқасында іске асты.

Жалпы өз ауылына, өз ауданына, өзінің туып өскен өлкесіне қол ұшын созу тәжірибесі ежелден бар дүние. Мысалы Еуропа елдерінде солай. Әйгілі футболшылар өздерінің аудандарына спорт клубтарын салса, әйгілі бокс майталмандары ауыл тұрғындарына үй салып, баспанамен қамтамасыз етіп жатқаны әлемге әйгілі болуда. Сол сияқты АҚШ-тың бұрынғы басшысы Барак Обама өзінің ата-бабасы туып өскен өлкеге, яғни Кенияға көп көлемде қаржы аударды. Айтпағымыз бұл әлемдік тәжірибеде бар дүние. Қазақ қоғамы қашанда өз ауылына қол ұшын созған. «Ауылдан адам кетсе де, адамнан ауыл кетпейді» деген нақыл содан шықса керек. Ғасырлар бойы өз ауылына ағаш егіп, су шығарып, арық тазалап, жайлауы мен қыстауын реттестіріп отқан. Ауылда бір қазақ үй көтерсе, үйленсе оған қол ұшын созған. Оны қазақ халқы «Асар» деп атап, игі дәстүрге айналдырған. Бүгінде сол асар жалғасын тауып, ірі жобаларға мұрындық болып келеді. Соның бірі осы «Атамекен» кіші бағдарламасы. Бағдарламаның жасалу тарихының өзі сонау ежелден келе жатқан игі дәстүрмен қол ұстасып жатқанынан-ақ көріп отырмыз.

«Атамекен» кіші бағдарламасы міне жоба асталғалы бері өз жалғасын тауып келеді. Әсіресе пандемия кезеңінде бағдарламаның тиімділігі байқалды. Себебі мыңдаған жұмыс орындары жабылып, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда. Ауылдан шыққан кәсіпкерлер өз қол ұштарын халыққа созып, көмектесіп келеді. Пандемия басталған сәтте еліміздің оңтүстік аймағындағы диқандар көп зардап шекті. Мыңдаған тонна көкеніс тосыннан туындаған вирустың салдарынан сатылымға шығарылмадй. Себебі шекаралар жабық, аймақтар арасындағы қатынас үзілген қалыпты тұрды. Міне, сол сәтте еліміздің біраз кәсіпкерлері өнімдерді сатып алып, таратуға өз үлесін қосты. Артынша оңтүстікті су басып, бірнеше ауыл тұрғындарын өзге аймақтарға эвакуациялауға тура келді. Сол сәтте де еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған жылы жүректі кәсіпкерлер қиналған халыққа қол ұшын созып, көмегін аямады. Бұл да «Атамекен» бағдарламасының бір көрінісі болатын.

Қазақ қоғамы қашанда қайырымдылықпен күн кешіп, соның арқасында осы күнге жетті. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» соның бір дәлелі. Өткен ғасырда екі бірдей алапат аштықта халықтың тұтастай жойылып кетпеуінің артында қазақтың бір-біріне деген бауырмалдығы да жатыр. Оны естен ешқашан шығаруға болмайды. Қазақстан қайырымды жандардың арқасында қуатты, қайырымды жандардың арқасында берекелі әр дамуды алға қояды. Атамекен кіші бағдарламасы да соны ту етіп келеді. Бұл бағдарламаның бейресми ұраны да «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп Хәкім Абайдың сөзімен бекер айтылмаса керек-ті. Бағдарлама өз жалғасын табуда, оған сіздің де қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Бір тал ексеңіз де, көмек екенін ұмытпаңыз.

Abai.kz

0 пікір