Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 8720 7 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 14:05

Шекарамыз толық шегенделген бе?

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды: бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілінің сұхбаты жарияланыпты. Оған осыдан біраз уақыт бұрын болған "Көптоғай казусы" себеп болды-ау деймін (ол оқиғаға қатысты пікірімді ФБ-да сол күні жазғанмын).

Сұхбатқа салсақ, бізде шекара делимитацияланған, бірақ толығымен демаркацияланбаған, яғни әрбір бағанына дейін нақтыланбаған екен!

Не деген масқара! 30 жыл бойына тиісті органдар не бітірген сонда?! Жер емес, Ай қарап жүрген бе?!

P.S. Бір сұрақ. неге осы аса өзекті мәселе бойынша СІМ бір департаментінің басшысы сөйлейді? Неге ведомствоның арнайы мәлімдемесі жоқ?

Әміржан Қосановтың жазбасы

Abai.kz

7 пікір