Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4349 1 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 13:58

Орталық Азия содырлары Ауғанстан түрмелерінде отыр

Ауғанстан қорғаныс министрлігі Орталық Азия елдерінен шыққан 60-тан астам содырдың қолға түсіп, Ауғанстан абақтыларында отырғанын мәлімдеді. Олар ДАИШ террорлық ұйымына мүше болған. 

Ресми Кабул жалпы жиынтығы ДАИШ-қа мүше болған 408 шетел азаматтарының Ауғанстан түрмелерінде отырғанын айтады. Ұлттық қорғаныс басқармасының басшысы Ахмад Зия Сирадж 27 сәуір күні пресс-конференция барысында ДАИШ содырлары 14 елдің азаматтары екенін, олардың арасында 173 әйел мен баланың барын айтады.

Абақтыда отырған содырлардың 299 Пәкістаннан, 37 Өзбекстаннан, 13 азамат Тәжікстаннан, 12 Қырғызстаннан, 5 Ресейден, 16 адам Қытайдан, 5  Иорданиядан, 4 Ираннан, 3 Түркиядан,  5 Индонезиядан, 4 Үндістаннан, 2  Бангладештен, 2 Мальдивтен және 1 Алжирден екені анықталды.

Ауғанстан бұл азаматтарды соттауға немесе өз елдеріне қайтаруға шешім шығару үстінде.

Abai.kz

1 пікір