Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 15 Сәуір, 2021 сағат 21:24

Министр Цой ауылда жүр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына жұмыс сапары барысында ауылдық медициналық мекемелерде КВИ-ға қарсы вакциналау барысының ұйымдастырылуымен танысты. Бұл туралы inform.kz сайты хабарлады. 

Бірінші нысан Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылының дәрігерлік амбулаториясы болды, ол тіркелген 8,5 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Олардың жартысынан көбі вакцинациялануы тиіс. Министр адамдардың көп жиналуына және денсаулыққа қауіп төндіруге жол бермей, вакцинацияның жоспарлы процесін қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті.

Алексей Цой сондай-ақ Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға бару ауыл азаматтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін, вакцинация кабинеттерінің, қажетті температураны ұстап тұратын тасымалданатын мұздатқыш камералардың бар екенін атап өтті. Ол медициналық көмек көрсетудің мұндай деңгейі іріктеліп емес, облыстың барлық ауылдық елді мекендерінде қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір