Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3364 1 пікір 15 Сәуір, 2021 сағат 13:37

АҚШ Ресейге тағы санкция салды

АҚШ Ресейге тағы да санкция салмақ. Бұл жолы Ресейді Вашингтон  АҚШ-тың ішкі саясатына араласуы мен хакерлік шабуылдарға байланысты жазаламақ.

Gazeta.ru сайтының хабарлауынша санкция шенеуніктер мен барлау қызметінің 12 тұлғасына салынады. Сондай-ақ санкциялар БАҚ өкілдеріне де жариялануы мүмкін. Бұл жолғы санкция салынатын тізімде "Солтүстік ағым-2" газ құбыры жоқ болып шықты.

АҚШ бұл санкциялардан кейін кезекті санкцияларды қарастыратынын айтты.

Abai.kz

1 пікір