Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақмылтық 6802 21 пікір 15 Сәуір, 2021 сағат 13:57

Қазақ жерінің тағдырын орыс тілінде талқылаудың өзі ұят!

Жуырда өткен Жер комиссиясының отырысында «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, комиссия мүшесі Дос Көшім жер мәселесіне байланысты үш мәселені көтеріпті. Біз Дос мырзаның аталған жиында сөйлеген сөзін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. 


Бірінші мәселе - біз дәл алдыңғы комиссияны қайта құрған сияқтымыз. Меніңше, 5 жылдан кейін бұл мәселе парламентке берілуі керек еді. Парламент жұмысшы тобын құрады. Соларға осы отырған сарапшылар, жер мамандары т.б енуі керек еді.

Екінші мәселе - Президенттің жердің сатылмауы туралы айтқаны бірінші оқылымда өтті деп қуанып жатыр. Бірақ, сол қуанған Парламент мүшелері  2015 жылы 2 қарашада Жерді сату туралы шешім шығарған адамдар. Бұл екіжүзділіктің шыңы.

Сосын Президент 2016 жылы халықты көшеге шығарған екі мәселенің біріншісін айтпай, екіншісін ғана айтты. Біріншісі - Жерді сатуға болмайды, жерді жекеменшікке беруге болмайды деген. Екіншісі - жерді ұзақ мерзімге шет елдік инвесторларға жалға беруге болмайды. Президент соның тек екіншісін айтып, бірінші мәселесі далада қалды.

Сондықтан біз Жерді жеке меншікке беруге бола ма, болмай ма, әуелі осы мәселені шешіп алуымыз керек.

Үшінші мәселе - Грузияда 80 пайыз, Өзбекстанда 67 пайыз, Тәжікстанда 60 пайыз, Қырғызстанда 50 пайыз, Қазақстанда 20 пайыз тұрғындар орыс тілін білмейді. Сіздердің сөздеріңізді 20 пайыз қазақтар түсінбей отыр. Кімге айтып отырсыздар? Қандай мәселені талдап жатырсыздар? Қазақтың жерінің мәселесін орыс тілінде талдаудың өзі ұят. Егер сөйлей алмасаңыздар сөйлемей-ақ қойыңыздар.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525