Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3309 0 пікір 14 Сәуір, 2021 сағат 12:46

Қордай оқиғасы: Прокурор 18 жыл сұрап отыр

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта жарыссөз басталды. 13 сәуірде прокурор айыпталушыларға жаза сұрады. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді.

Прокурор судьядан кейбір айыпталушыларға 18-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды өтінген. Ал, айыпталушылар бұл жазаның тым ауыр екенін айтқан.

Қордайдағы жанжалға байланысты сот процесі 2020 жылдың желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Сот процесіне 51 айыпталушы, 60-қа жуық адвокат және бірқатар өзге қорғаушы қатысып жатыр.

51 айыпталушыға "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап), "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (287-бап), "Қорқытып алу" (194-бап), "Қарақшылық" (192-бап) және "Адам өлтіру" (99-бап) бойынша айыптар тағылған.

Айта кетейік, 2020 жылы 7 ақпанда түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болған. Оқиға кезінде 11 адам қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір