Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2575 0 пікір 13 Сәуір, 2021 сағат 12:20

Алматы облысында блокбекеттер қойылды

Алматы облысының Көксу ауданында блокбекеттер қойылды. Онда полиция қызметкерлері, дәрігерлер және атқарушы билік өкілдері қызмет етуде. Ауданда вирус көбейіп кеткендіктен, осындай шешім қабылданып отыр. 

«Соңғы бір тәулікте аудан бойынша 12 адамнан вирус анықталды. Блокбекеттерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қызмет етуде», - дейді Алматы облысының санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаменті өкілдері.

Көксу ауданында сәуір айында 128 адамнан вирус анықталған. Бұл наурыз айынан екі есе көп.

Abai.kz

 

0 пікір