Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3458 0 пікір 12 Сәуір, 2021 сағат 14:34

Иран Израильден кек алмақ

Иранның Натанза ядролық кешенінде болған жарылысқа Тегеран Израильді кінәлап отыр. Ядролық кешенге шабуыл жасаған Израильден кек алатыны жайлы Иранның СІМ өкілі Саид Хатибзаде мәлімдеді. 

Олар Израильдің бұл әрекетін «Иран жеріндегі ядролық терроризм» деп атаған. Иран Израильге ядролық технологиясының жетік екенін дәлелдемек.

«Сионистер Иран халқынан санкция алыну бойынша кек алмақ, алайда біздің жауабымыз сионистердің өзіне жетеді», - деді министрлік өкілі Cаид Хатибзаде.

11 сәуір күні Натанзадағы «Шахид Ахмади Рошан» ядролық кешенінде авария болып, нысанның жартысы отқа оранған еді. Ресми билік оны Израиль тарапынан жасалған террорлық акт деп бағалады.

Abai.kz

0 пікір