Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021
2548 17 пікір 8 Сәуір, 2021 сағат 14:40

АҚШ Ресей дипломаттарын елден шығарады

АҚШ билігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар салып, Ресей дипломаттарын елден шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Ақ үй Ресейдің АҚШ-қа қатысты барлық қылмыстарын тексеруді аяқтаған. Оның ішінде елдің ішкі саясатына араласу, сайлау нәтижелерін бұрмалауға тырысу, SolarWindsке қарсы хакерлік шабуылдар және басқа. Вашингтон бұл әрекеттерге санкциямен жауап қатып, тыңшылық жасады деген күдікпен дипломаттарды елден шығаруы мүмкін.

Санкциялар елдің экономикалық секторымен қатар Путиннің жақындарына да салынуы мүмкін дейді агенттік. Өткен аптада АҚШ Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне санкция салуды ұсынған болатын.

Abai.kz

17 пікір