Сенбі, 20 Сәуір 2024
3622 0 пікір 7 Сәуір, 2021 сағат 14:46

Сирияда Түркия сарбаздары қаза тапты

Сирияның Хасаке аймағында Түркия сарбаздары минаға жарылып кетті. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан "Адам құқығы бойынша сириялық обсерватория" (SOHR) хабарлады. 

Оқиға сейсенбі күні, Хасаке аймағының Тель-Тамр қаласының маңындағы Кашке және  Аль-Райхания ауылдарының арасында болған. Осы маңда Түркия әскерінің әскери бекеті орналасқан.

Минаға жарылған жауынгерлерге көмек көрсетуге келген екінші топтың да жарылып кеткені белгілі болды. SOHR-дың мәліметінше жарылыс салдарынан төрт сарбаз қаза тауып, жеті сарбаз ауыр жарақат алған.

Abai.kz

0 пікір