Жұма, 29 Наурыз 2024
3921 0 пікір 6 Сәуір, 2021 сағат 12:55

Рекорд: халық жаппай баспана сатып алуда

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу, жалға беру бойынша іске асырылған операциялар құны  бір жарым триллион теңгеден асты. 2021 жылдың алғашқы екі айында аталмыш салада рекорд орнаған. Бұл туралы  Finprom.kz сайты жазды. 

Сарапшылар  жылжымайтын мүлік саласындағы қызмет көрсету 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1,52 триллион теңгені құрағанын айтуда. Бұл өткен жылғыдан  37,5 пайызға артық. Ал шынайы көрсеткіш 41 пайызға жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары шекке жетті.

2021 жылдың алғашқы екі айындағы жылжымайтын мүлікті сатып алу көрсеткіші  2020 жылдың алғашқы екі айынан 44.2 пайызға артық.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша екі қала көш бастап тұр. Олар Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. Ал мүлік сату көрсеткіші бойынша Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары ең соңғы орындарда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610