Жұма, 26 Сәуір 2024
3101 0 пікір 5 Сәуір, 2021 сағат 14:06

АҚШ адам құқығын күшейтуге қаржы бөлмек

АҚШ қазақстандық құқық қорғау ұйымдарына қаржылай көмек көрсетпек. АҚШтың Мемлекеттік департаменті мен USAID 1,5 млн доллар көлеміндегі қаржыны Қазақстандағы адам құқығы мен бостандығын қорғап жүрген ұйымдарға бөлуді жоспарлап отыр. 

АҚШ Мемдепартаментінің демократия, адам құқығы және еңбек қатынасы бюросы Қазақстандағы тәуелсіз ассоциациялардың дамуына үлес қосуға ниетті екенін айтқан.

Бөлінген қаржының 750 мың доллары Қазақстандағы ЖОО оқу бағдарламаларының өзгеріп, жас белсенділердің өз мүдделерін қорғай алуына жағдай жасауға бағытталмақ.

Abai.kz

0 пікір