Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 15777 0 пікір 9 Наурыз, 2021 сағат 13:52

Ұлттық кеңес. Мемлекет үшін "сенім капиталы" маңызды

Кез келген мемлекеттің дамуына әсер ететін құндылық ол халықтың сенімі. Сенім капиталы таусылған жерде өсу болмайды, өшу орын алады. Сенім жоғалған жанұя ажырасып тынатындай, сенімі таусылған қоғам мемлекеттік институттарды құлатып тынады. Дәлел жетерлік. Сирия, Ливия, Ирак, Ауғанстан, Қырғызстан. Сенімінен айырылып, шатқаяқтап тұрған Беларусь елін де осы санақтың қатарына қоссаңыз болады.

Мемлекет үшін басты қажеттілік ол – сенім. Міне, осы мақсатта да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Билік институттары қоғамның мәселесін қоғам өкілдеріне айтуға мүмкіндік берді. Кеңестің басында президенттің өзі тұр. Демек бұл кеңестің қаншалықты мемлекет үшін маңызды екенін аңғартса керек.

Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы шілденің 17 күні құрылды. Кеңестің құрылғаны жайлы президент арнайы жарлық шығарған болатын. Кеңестің негізгі міндеттері: тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету, өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады. Яғни кез келген мемлекеттік стратегиялық құжаттарды қарап, онда ұлт мүддесіне қайшы келетін тұстары болса талқыға салуына мүмкіндік бар. Оны сенім кеңесіндегі азаматтар жасай алады.  Қазіргі уақытқа дейін сенім кеңесінің 5 отырысы өтіп, кеңесте көтерілген мәселелер өзінің оң шешімін тауып келеді.

Президент Ұлттық Қоғамдық Кеңес отырысында көптеген маңызды мәселелердің оң шешім табуына ақпал етіп келеді. Ұлттық қоғамдық кеңеске мүше азаматтар қоғамдағы бар, бірақ билік мінбелерінде көп айтыла бермейтін мәселелерді президент пен кеңес мүшелері алдында айтып, оның дұрыс шешім табуына атсалысуда. Осы уақытқа дейін кеңесте Қазақстандағы шетел компанияларындағы жұмысшылар ақысын теңестіру, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық бойынша қылмысқа қатысты заңды күшейту, педагогтар мен медицина қызметкерлерінің имиджін көтеру, әлеуметтік мәселелерді реттеу, митинг мәдениетін қалыптастыру мен өткізу аясын кеңейту, партияларды тіркеу үшін жиналатын қол санын азайту, педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясын көтеру, жер мәселесін оңтайлы шешу сынды маңызды мәселелер өзінің оң шешімін тапты.

Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесі одан ары да ел қамын, мұқтаждығын қордаланған мәселелерін оң шешу үшін өз жұмысын жалғастыра береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538