Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 4792 2 пікір 12 Наурыз, 2021 сағат 15:58

Байден «С5+1» процесін жалғауға мүдделі

АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдапты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

АҚШ президенті Қазақстан халқы мен Президентін Наурыз мерекесімен құттықтап, тілек жолдаған.

Онда:  «Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі Өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді.

Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған «С5+1» диалог процесін жалғастыруға мүдделі», – деп жазылған.

Abai.kz

2 пікір