Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
5141 0 пікір 5 Наурыз, 2021 сағат 13:48

Google Қазақстанда өз кеңсесін аша ма?

Бүгінде атақты Google компаниясының 50 елде 70-тен астам кеңсесі бар. Бірақ, ол елдер қатарында Қазақстан жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта Google Қазақстанда өз кеңсесін аша ма?

Қазақстандық БАҚ-тың мәліметінше, Google-дың баспасөз қызметі әзірге ондай жоспар қарастырылмағанын айтқан.

«Қазіргі уақытта бізде мұндай жоспар жоқ. Бірақ Google-дің жергілікті кеңсесі болмаса да, біз жергілікті желідегі қоғамдастыққа цифрлық технологияны тиімді пайдалануға көмектесуге ден қойдық», - деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Google және Facebook ресми түрде Тәжікстанда салық төлейтіні туралы ақпарат шыққан. Одан бөлек, Netflix, Google, Apple және басқа да бірқатар компаниялар Өзбекстанда өз жұмыстарын бастап, салық төлеушілер ретінде тіркелді.

Abai.kz

0 пікір