Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Алаң 7937 11 пікір 5 Наурыз, 2021 сағат 14:01

Қытай Қазақстанда 56 зауыт (кәсіпорын) салады

2020 жылы Қазақстан Қытайға 9 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорт жасаған. Ал 2023 жылға қарай екі ел $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. 

Нақтырақ айтсақ, 1 наурыз күні ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара қызметін үйлестіру жұмысының 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді.

Келссөз барысында вице-министр Қайрат Төребаев Қытай мен Қазақстан 56 кәсіпорын салуды жоспарлап отырғанын және оның құрылысы 2023 жылы аяқталатынын айтты.

- 2005 – 2020 жылдар кезеңінде Қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар, Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде, - деді Қайрат Төребаев.

Одан бөлек тараптар «Қорғас» ШЫХО қызметін үйлестіру тетігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі 1-ші отырысының уағдаластықтарын іске асыру барысы туралы мәселелерді қарады. Аталған келісім ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қорғас» ШЫХО АҚ  негізінде жүзеге асырылады.

Бүгінде «Қорғас» ШЫХО Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 млрд теңгеге 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатта қазір 24 компания жұмыс істеп жатыр. Қазір олардың текі 1 жобасы ғана іске асқан.12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал, қалған жобалар жобалау сатысында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қытаймен жалпы сомасы 28 млрд долларды құрайтын бірлескен 51 нысан салу көзделген. Оның 4-еуі іске қосылды. Сонымен қатар, экс-президент Назарбаев пен Си Цзиньпин арасында «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламалары жасалған.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, 2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған.

Abai.kz

11 пікір