Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5836 8 пікір 4 Наурыз, 2021 сағат 13:51

30 жыл бойы тіл мен жерді талқылау - қасірет

Қазақстанда тіл мәселесін талқылау - біздің қасіретіміз, ұлттың қасіреті. Шындығында, ұлт боп қалыптасқан елде мұндай мәселе талқыланбау керек. Билігі орыстілді, билігі халыққа жақын емес елде тіл мәселесі - көкпар тартыс секілді.

"Жер сатылады, жер сатылмайды" деген тақырыпта сөз болмауға тиіс. "Жер сатылмайтын болды" деп қуану да - біздің қасіретіміз. Себебі, мұндай мәселе ешқашан талқыланбау керек. Менің түсінігімде, ұлт боп, мемлекет боп қалыптасқан елде жер сатылмау керек, жер сатылу туралы ешқашан сөз болмауы керек.

Латын әліпбиінің бітпейтін "жыры" да шаршатты...

Қоғамда ешқашан талқыланбауға тиіс нәрсеге қанша қаржы бөліп, бос мылжыңмен қанша жиналыс өткіздіңдер?

Құдай-ау, "қазақ тілі" деп жүріп, "қазақ тілін дамытып жатырмыз" деп бюджеттің қанша ақшасын жедіңдер?

"Жер сатылады, сатылмайды" деп осы күнге дейін қанша жиын өткіздіңдер? Оған қанша ақша кетті?

"Қатира тойға жаңа көйлек алатын болды, жоқ, Қатира тойға бұрынғы көйлегін киетін болды" деген әйелдерден сендердің айырмашылықтарың қалды ма?

Құдай-ау, экономиканы, халықтың әлеуметтік тұрмысын көтерсеңдерші.

Халықты шаршатып, қажытып жібердіңдер...

Әлде біз әлі ұлт боп, мемлекет боп қалыптаспадық па?

Ұлт боп қалыптассақ мынандай бассыздыққа, отыз жыл ертегісі бітпеген, диктанттан көп қате жіберетін оқушы кейпіндегі билікке жол бермеуші едік қой.

Аягүл Мантайдың жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532