Сенбі, 20 Сәуір 2024
5416 13 пікір 4 Наурыз, 2021 сағат 12:35

Аймағамбетов: Балаларды қазақ мектептеріне беру керек

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беру керек деп есептейді. Бұл туралы министр Azattyq-ruhy сайтына берген сұхбатында айтқан. 

Оның айтуынша, қазір қазақ тілінде оқытатын мектептер бәсекеге қабілетті, бұған ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел. Ол сондай-ақ елде қазақ тілді білім беру мекемелері жеткілікті және олар бәрін қабылдай алатынын айтты.

«Бүгінде балалардың мемлекеттік тілде білім алуына жағдай жасалған. Біз үшін бұл бірінші кезектегі міндеттердің бірі - мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай арандатушылық жоқ. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол мемлекеттік тіл. Сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Abai.kz

13 пікір