Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 11391 17 пікір 3 Наурыз, 2021 сағат 13:17

Алаш қайраткерлерін ұмыт қалдыру – әділетсіздік!

Бүгін Мәжілісте депутат Қазыбек Иса Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына қарата, Алаш арыстарының қасиетті есімдерін ұлықтау шаралары жөнінде депутаттық сауал жолдап, «Ақ жол» партиясы мен «Алаш» институты бірлесіп әзірлеген 700-ге жуық Алаш қайраткерінің тізімін Үкіметке тапсырыпты.

Алаш арыстарының бұл тізімі 2019 жылы әзірленген. Депутаттық сауал авторлары биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылуы тиіс іс-шаралар қатарына осы Алаш қайраткерлерінің есімдерін әрбір өңір бойынша көше, мектеп т.б. атауларына беруді ұсынған.


Депутаттық сауал:

ҚР Премьер-министрінің орынбасары
Е.Л.Тоғжановқа!

 

Биыл 30 жылдығы аталып өтетін Қазақ Елі Тәуелсіздігі жолындағы ғасырлар бойғы жанқиярлық күрестердің ішінде Алашорданың орны айрықша!

Басты Ұраны - Жерді сатпау, Елді сақтау, Тілді сақтау болған Алаш арыстарын ұлықтауды президент Тоқаев  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында бастап берді: «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында Тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды.Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек», - деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі комиссияның  мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар қатарында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы да бар екені көңілге қуаныш ұялатады.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның атын беру жөніндегі шешімді  халық зор қуанышпен қарсы алды.

Соңғы кезде Алаш тақырыбы ел арасында кең тарала бастағаны өте қуанышты тенденция.

Ел тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің асқақ рухын қастерлеп, есте қалдыру шаралары (көшелерге, мектептерге, елді мекендерге есімдерін беру, ескерткіштер қою, т.б.) елорда мен өңірлерде тиісті дәрежеде жүзеге асуы қажет.

Алайда, Алаш десе қарапайым көпшіліктің есіне тек Алашорда үкіметінің  көрнекті көсемдері  Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді бірнеше тұлғаның есімдері ғана келеді. Шын мәнінде бұл тізім әлдеқайда ауқымды.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алаш ұстанымын насихаттаған, сол үшін құрбан болған  жергілікті Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ерліктері ескерілмей, есімдері әліге дейін белгісіз болып отырғаны өкінішті. Бұлардың бәрі Тәуелсіз Қазақ Елі үшін құрбан болғандар! «Әруақ риза болмай, тірі байымайды» деген дана халқымыздың сөзін ұмытуға болмайды.

Сол себептен, 2019 жылы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев «Алаш» институтымен бірлесіп, бұрын белгісіз болып келген 700-ден астам тұлғаны құрайтын жергілікті Алаш қайраткерлерінің тізімін дайындады. Алаштанушы ғалымдардың зерттеулерінің негізінде жасалған тізімге көпшілік қауымға есімдері ұмыт болған әр өңірдің жергілікті Алаш қайраткерлері енгізілді. Әрбір облыс, қала әкімдеріне сол жерге қатысы бар, сол жерден шыққан Алашшыл азаматтардың тізімі жіберіліп, олардың аттарын жергілікті жердегі көше, мектеп, т.б. нысандар атауларына беруді ұсынған болатынбыз.

Алайда, алынған жауаптар көңілге қонбайды. Көбінесе жауаптар жалтарма сипатта, бұған дейін Алаштың ел аузындағы жиырма шақты танымал басшыларының есімдерін атаумен ғана шектелген.

Сонда біздің шенеуніктер Алаш идеясын бүкіл қазақты оятатын, біріктіретін ұран емес, кейбір жекелеген адамдардың көзқарасы ғана деп көрсеткісі келетін сияқты. «Ақ жол» партиясы, әрине, бұндай кертартпа әрекеттермен келісе алмайды.

Мысалы, біз Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өзіне ғана Алаш арманы үшін айқасқан 125 адамның тізімін жібердік! Атап айтсақ, Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенов, Хамит Тоқтамысов,  Жахабай Әтікұлы, Жұбандық Болғанбайұлы және тб. Олардың барлығы еліміздің азаттығы үшін өз өмірлерің саналы түрде құрбан етті.  Осы 125 батырдан бір адамның аты ескерілді ме? Жоқ.

Ең өкініштісі - осындай жағдай барлық облыстар мен қалаларда да қалыптасып отыр.

Бұндай әділетсіздікті біз үлкен саяси қателік деп санаймыз. Оған  жоғарыда аталып кеткен мемлекет басшысының мақаласы да нақты дәлел.

Жалпы, бізде мемлекет тарапынан бекітілген тізім бар, соған енген тұлғалар ғана әлгіндей құрметке ие бола алады. Ол тізімге көп Алаш қайраткерлері кірмеген. Президенттің аталмыш мақаласындағы Алаш туралы талапты ескере отырып, сол мемлекеттік арнайы тізімді қайта қарау керек.

Бізге енді Тәуелсіздіктің 30 жылында Рухани жаңғыру бағытындағы мемлекеттік мүдде мен ұлттық идеология талап ететін сындарлы саясат пен нақты іс-әрекет қажет. Сол себептен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында, Алаш қайраткерлерінің қасиетті есімдерін мәңгілік есте сақтап, ономастика тұрғысында қолдану үшін аталған тізімді Үкіметке жіберіп отырмыз.

Осыған байланысты, 2019 жылы біз жолдаған хаттарды жергілікті әкімдіктерге қайта көтеруді тапсырып, Алаш көсемдерімен бірге мыңдаған жергілікті Алаш қайраткерлерінің қасиетті есімдерін ұлықтау шараларын бақылауға алуыңызды сұрайды.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары


Тақырыпқа тұздық. Біз көрші-қолаңның көңіліне қарап, көп дүниеге көз жұма қарайтынымызды, олардың сасық ниет саяси экспансиясының қаупін біраздан бері айтып келеміз. Айтпағанда ше, Тәуелсіздік алғанымызға 27 жылдан астам уақыт өтті. Сөйте тұра о, заманда-ақ, шаңырағы опырылып түсіп, керегесі күйреген «Сәбеттің» атрибуттарынан әлі арыла алмай-ақ қойдық.

Тәуелсіздігімізге 30 жыл дедік. Ендігі мемлекет алдындағы ең өзекті мәселе отарсыздану, яғни де-коммунизация, де-советизация мақсаттарын күн тәртібіне қою болатын. Уақыт жетті және бұл тақырып басқа-басқа емес, Парламент мінберінде көтерілуі керек еді.

Жоғарыдағы Қазыбек Иса бастаған Мәжілістегі «Ақ жол» депутаттарының сауалында айтылған 700-тен астам Алаш арыстарының тізімі туралы біз 2019 жылы Abai.kz ақпараттық порталында жазып, Алаш қайраткерлерінің тізімін жариялаған едік. Онда 750-ге жуық адамның есім-сойы тізімделген.

Тіпті, олардың қай өңірде дүниеге келгені, қандай қызмет атқарғаны да анықталған. Бұл жинақталған тізім әкімдерге жіберілгенін сүйіншілеп жаздық. Бүгін аталған тізімді оқырман талқысына қайта ұсынғанды жөн көрдік.

Ескерту! Осы тұста ескерте кететін бір мәселе – Алаш қайраткерлерінің архивтегі ақпаратында көрсетілген деректері әртүрлі. Ол кездегі географиялық бөлініс пен қазіргі географиялық бөлініс сәйкес келмейтіндіктен, тізімге аз-кем өзгеріс жасалған. Сондай-ақ, әуелгі жасалған тізімдегі кісі аттарының қайталауына да редакциялық жұмыстар жүргізілген.

Алашорда үкіметінің мүшелері

Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Садық Аманжолұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Отыншы Әлжанұлы, Ахмет Бірімжанұлы, Халел Ғаббасұлы, Әлімхан Ермекұлы, Бақтыкерей Құлманұлы, Базарбай Мәметұлы, Уәлитхан Танашұлы Айдархан Тұрлыбайұлы.

Алашорда үкіметі мүшелігіне кандидаттар

Нүсіпбек Жақыпбайұлы, Сейілбек Жанайдарұлы, Ережеп Итбаейұлы, Сейдәзім Қадырбайұлы, Есенғали Қасаболатұлы, Иса Қашқынбайұлы, Аспандияр Кенжеұлы, Батырқайыр Ниязұлы, Сәлімгерей Нұралыханұлы, Сатылған Сабатайұлы, Молданияз Бекімұлы, Мұқыш Боштайұлы, Омар Алмасұлы, Есенғали Тұрмұхамедұлы.

Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Жақып Ақбайұлы, Отыншы Әлжанұлы, Ыбырайым Жайнақұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Асылбек Сейітұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сәлімгерей Жантөреұлы, Сейілбек Жанайдарұлы, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, Файзолла Ғалымжанұлы, Алпысбай Қалменұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Смағұл Садуақасұлы, Хайретдин Болғамбайұлы, Барлыбек Сыртанұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, т.б.

Сыр бойы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Иса Тоқтыбаев, Шәкір Дивеев, Сегізбай Айзунов, Ибраһим Қасымов, Қоңырқожа Қожықов, Әлмұхамед Көтібаров, Жүсіпбек Басықараұлы,Серқұл Алдабергенов, Ералы Қасымов, Әбдірахман Мұңайтпасов, Қазмұхамед Құлетов, Ахмет ишан Оразайұлы, Мұстафа Оразаев, Қожахмет Оразаев, Қалжан Қоңыратбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Әлібек Қоңыратбаев, Уақбай Мырзаев, Ризаул Тасбаев, Байқуан Байбосынов, Кішкентай Оралбиев, Махмұд Көшкенбаев, Зарқұм Қуанышұлы, Әшір Бердиев, Хожахан Сейітов, Нұрмұхамед Ақатов, Бижан Жұмабеков, Байқуан Байбосынов, Меңдолла (Меңдібала) Күзембаев, Тоқтаболат Орманов, Мұзарап Қасымов, Мәмбеев Әбдірасул Байтасұлы, Тасбаев Ризаул.

Ертіс өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Мұқыш Боштаев, Асылбек Сейітов, Қабыш Бердалин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Саматов, Омархан Күзембаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахметолла Барлыбаев, Қартқожа Тоғанбаев, Ілияс Жанқарин, Бұлқайыр Әденов, Иманқұл Бәдісов, Мұхтар Жәлелдинов, Әбікей Сәтбаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Мұсылманбек Сейітов, Арынғазы Боштаев, Әміре Айтбакин, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Дөнентаев, Хабиболла Лекеров, Григорий Потанин, Базыкен Өскенбаев, Темірғали Нұрекенов, Асқар Сыздықов, Сұлтан Анафин, Шоқан Ботабергенов, Әбіл Серікбаев, Дайырбай Шашкин, Масұғұт Қыдырбаев.

Қостанай өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Бірімжанов, Асқар Дулатов, Мырзағазы Есполов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбубәкір Алдияров, Омар Алмасов, Сейдәзім Қадырбаев, Есен Тұрмағамбетов, Ғабдолла Теміров, Әлжан Байғарин, Елдес Омаров, Досжан Тоқтабаев – әкесі, Кәрім Тоқтабаев – баласы, Мұқан Тоқтабаев – баласы, Сұлтанғазы Ысқақов, Ахмед-Сафа Юсупов, Серікбай Ақаев, Жағыпар Сұлтанбекұлы, Намазбай Шәуменов, Сағынай Елшин, Айтқұл Бекмұратов, Кәрім Бәтішов, Құсайын Бекентаев, Жәміл Ақжолов, Әбділқадыр Алматов, Камаладин Арынғазыұлы, Сұлтанғазы Асқақұлы, Әуелхан Әлмәмбетов, Ризабай Байдосов, Әбдіғали Балғынбаев, Жақып Дәуренбеков, Ереке Ибраев, Тасмұхамед Есмолдин, Омар Жәнібеков, Әбубәкір Иманбаев

Райымбек Мақатов, Айдарбек Масанов, Мұхтар Мурзин, Ғаббас Нұрымов, Ахметқали Орманбаев, Мұхамедияр Оспанов, Ержан Өтемісов, Жанқасқа Өтепбергенов, Жансұлтан Сейдалин, Хабиболла Лекеров, Зәкір Сералин, Ғабдолла Тұяқов.

Шығыс Қазақстан өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Халел Ғаббасов, Райымжан Марсеков, Отыншы Әлжанов, Ережеп Итбаев, Биахмет Сәрсенов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Тоқтамысов Хамит, Жұмахан Күдерин, Жақабай Әтікұлы, Жұбандық Болғанбайұлы, Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов, Ыдырыс Мұстамбаев, Ыдырыс Оразалин, Даниял Ысқақов, Ақкенже Аймағамбетов, Арынғазы Абылайханов, Мекаил Абайұлы, Шаяхмет Шалқаров, Жүніс Шоқбаев, Жаңбырбай Шүлембайұлы, Сұлтанғазы Ысқақұлы, Мұстақым Малдыбаев, Шәріп Ақпанов, Жанғали Әлиакбаров, Турағұл Құнанбаев, Өміртай Ақбердин, Жұмеке Оразалин, Ахмет Шегіров, Ахметолла Барлыбайұлы, Жанғали Алдоңғаров, Мәннән Тұрғанбаев, Ахметжан Қозыбағаров, Мұхаметхан Сейітқұлов, Қаражан Үкібаев, Жақия Бейсекұлы, Ике Әділов, Бекқожа Құлғарин, Ахмади Оңалбаев, Оразғали Алпысбаев, Ахметжан Аңдамасов, Қайдар Асқаров, Есенбай Атамбаев, Сапарғали Атамбеков, Ысқақ Ахмедиев, Әсет Найманбайұлы, Темірхан Аялов, Фазылағзам Әлиханов, Қаймолда Байкүшіков, Жақай Байыров, Тоқар Бегімбетұлы, Балтабай Бейсебеков, Біләл Бейсенбаев

Жүсіп Бейсенов, Қасым Бекенаев (Бекенов), Адамбек Бекмұхамедов, Уәли Бестаев, Асауқат Болатханов, Ахметшейх Болатбаев, Айтмұхамет Болатұлы, Қасымхан Бөкейханов, Қалдыбай Будамбайұлы, Аймахан Буданов, Сәлімғазы Ғабитханов, Ғабодлахмет Ғимадиев, Сағади Далабаев, Түсіпбек Жақбаев, Рымжан Сейітжанов, Жазыбай Дултыбаев, Кәрім Дүйсебаев, Садық Дүйсенбіұлы, Әбдікәрім Ережепұлы, Бейсембай Ержігітов, Құрман Есенғұлов, Ғабдолла Есіргенұлы, Иманәлі Есіркепов, Есіркепұлы Бисеке, Қасенбай Жалауыров, Көкбай Жанатайұлы, Тұрсын Жарқынбаев, Мұқан Жәкежанов, Ибрагим Жұматаев, Әбдірахман Жүсіпұлы, Темірші Жүсіпұлы, Қали Ибрагимов, Нұрғали Құлжанов, Нәзипа Құлжанова, Кенжебай Кебеков, Семейбай Кейешев, Ысқақ Кемпірбаев, Қаратал Кемпіров, Садық Кенебайұлы, Кепішев Байзолла, Шынжы Керейбаев, Иманбазар Қазанғапұлы, Қален мерген, Ғабдолла Қоскейұлы, Мырзасадық Құрбанов, Ыбырай Құрманбаев, Сахаба Мадияров, Шынар Мәметеков, Абырай Мырзаұлы Мәрсеков, Саффағали Молдабаев, Әнияр Молдабайұлы, Ілияс Молдажанов, Сұлтан Мурзасов, Құрманбай Мұздыбайұлы, Ыдырыс Мырзаханов, Әшім Нұрмұхамедов, Қази Нұрмұхамедұлы, Арынғазы Өтешев, Ахмет Райымбеков, Рақымбай Сапақов, Ғали Самыратбеков, Бекмұхаммед Сатыбалдин, Хафиз Сәрсекеев, Сейітқазы Тақымбаев, Иманбек Тарабаев, Құрмаш Таукин, Дінислам Тәңірбердіұлы, Айқожа Теміржанов, Нұрымхан Тұрғымбаев, Сыздық Тұтқышев, Бақуан Түсіпбаев.

Қарағанды өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Ыбырай Ақбаев, Тоқбай Тоқсанбаев, Айса Тоқтарбеков, Мұхаметәлі Толыбаев, Мұстафа Шантин, Төлеубай Шантин, Мақат қажы Ақайұлы, Хасен Ақаев, Аяғанов Жүнісқали, Балсейіт Матаев, Мұхаметәзи Төлеубаев, Кәрібай Матаев, Тоқтарбай Жандыбаев, Мұсатай Тәттімбетов, Омар Қондыбаев, Секербай Қанғожин, Оспан Жанқабылов, Ақбай Жандеркин, Сүйгенбай Мейіржанов, Өскенбай Бөгембаев, Арыстанбек Дәулетов, Жүсіп Құлбатыров, Смахан Бөкейханов, Бектібай Ботабаев, Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов, Демесін Мейіржанов, Жолжан Байкөбин, Нарманбет Орманбетов, Тұрсынбек Жантоқин, Аралбай Сұлтанов, Жүсіп Нақыпов, Жүнісбек Жолдыөзеков, Құдайберді Байбөрин, Игілік Жанқожин, Жұмабек Құлашев, Тасыбек Бақин, Жүсіп Бейсембин, Жуасбай Тасболатов, Төлмұхамет Алтынтөрин, Рақия Сәтбаев, Ахмет Бекбергенов, Тоқымет Күреңшин, Мұса Құлбаев, Сүлеймен Қойсоймасов, Қақабай Алшынбаев, Қалиолла Дүйсенбаев, Иман Әлімбекұлы, Ахмет Баржақсин, Жүніс Қияқов, Ысмайыл Бәйтенов, Мухсин Бекметов, Фатих Бекметов, Нарымбек Бодықов, Жұмабек Құнанов, Жуасбай Тасболатов, Оспанқұл Минаяқов, Омархан молда Мүсәпіров, Бодаубек Райымбеков, Шаншарбай Сатанов, Мақсұт Файзов.

Әулиеата өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Әзімхан Кенесарин, Мұстафа Бұралқиев, Түбек Есенқұлов, Еркінбек Ақынбеков, Дінмұхамед Әділов, Әзиз Байсейітов, Асқар Әділов, Байсейіт Әділов, Арыстанбек Алтынұлы, Жарылғасын Отарбаев, Қашымбек Әлімбеков, Жұмабек Батырбеков, Мәуленқұл Байзақов, Сейітжаппар Байсейітов, Әбдуәли Әділов, Пазылбек Бектұрсынов, Аталық Кенесарин, Иманбай Сарымсақов, Төре Әлімхан, Есет Ақжолов, Қарабай Бодықов, Емберген Тайынбаев, Берсехожа Иманбаев, Арыстанбек Алтынұлы, Емберген Табынбаев.

Ақжайық өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Жанша Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Шафхат Бекмұхамедов, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Алпысбай Қалменов, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сәлімгерей Нұралыханов, Молданияз Бекімов, Нұрғали Ипмағамбетов, Мәжит Шомбалов, Ғұбайдолла Бердиев, Кәрім Жәленов, Ғұмар Есенғұлов, Дәулетше Күсепқалиев, Сәлімгерей Қаратілеуұлы, Бижанғали Жанқадамов, Бақтығали Бейсенов, Хасан Нұрмұхамедов, Ахмет Мәметов, Айтқали Абылаев, Молдағали Жолдыбаев, Ысхан Топаев, Қалмұқаш Ыбырашев, Сәтіғали Құтқожин, Ғұбайдолла Бөкейханов, Меңдіқыз Шәпенова, Тақберген Жамашев, Керей Есенқұлов, Нұрахмет Қалменов, Ғұбайдолла Әлібеков, Ғаббас Жетпісов, Дәулетияр Айсарин, Жанқожа Мергенов, Салық Омаров, Салық Қарпықов, Отарбай қажы Қондыбаев, Сейітхан Әшкерейұлы, Абдолла Досжанұлы, Нұрғали Баймағамбетұлы, Сабыр Сарғожин, Әлмұхамбет Оспанов, Жалпақов Тәжмұхамбет, Иманғазиев Төлеген, Ермұхамед Арғыншиев, Өтеғали Арыстанов, Асанов Қалдыбай, Қуанайұлы Ғабдол, Өтешқали Атаниязов, Қайырша Ахметжанов, Бейсенғали Әбдірахманов, Хабиболла Әбенов, Темірғали Сақауов, Ғұсман Мұқашев, Абдрахман Алғазиев, Нығмет Омаров, Есенәлі Мұқашев, Еркін Тоғызбаев, Мұхамедрақым Қарабаев, Сақыпғали Мұғалов, Өтепқали Әлиев, Әмірғали Байтіленов, Мұстафа Көшеков, Шайыхғапар Шолтыров, С.Дәрменов, Нұрмағамбет Таңатаров, Дәулетияр Қошпанов, Кәрім Бірімжанов, Қарасай Өтепов, Есжан Көшеков, Ханзада Жәленов, Нұғыман Залиев, Нұрмұханбет Сарбасов, Шынтай Юсупов, Әміржан Мұқаналиев, Мардан Қашқынбаев, Хамидолла Мендалиев, Мұқамбет Есетов, Әлиасқар Әлібеков, Мірәлі Бақыткереев, Ералыжан Балтанов, Хафиз Мырзағалиев, Зепқали Бейсенов, Ишанғали Бейсенов, Батырбай Дәулетов, Үмітәлі Дүйсембин, Нұрғали Ермағамбетұлы, Сұлтан Жайтілеуов, Шайхы Жантілеуов, Ғаббас Жетпісов, Молдағали Жолдыбаев, Жұбанәлин Әнжан, Шынтай Жүсіпұлы, Қарабай Көзеев, Иса Көпжасаров, Ахметше Күсепқалиев, Мұрат Қаратаев, Жамал Қашқынбаева, Базарғали Қожахметов, Қуанай қазірет (Қосдәулетов), Мәулімберді қажы, Есқали Мұқанов, Мұхамбетқали Мұқанов, Ғұбайдолла Мұхитов, Керей Нармағамбетов, Нұғыман Сарбопин, Сейдолла Ишан, Нәдірше Сұлтанкереев, Ихсан Тоқбердиев, Ғабдолкәрім Рақымбердиев, Қуат Төтебаев, Жұбакен Тілеубергенов, Сәлімгерей Омаров.

Атырау өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Халел Досмұхамедов, Уәлитхан Танашев, Бақтыкерей Құлманов, Аспандияр Кенжин, Мұхамеджан Шонбасов, Қажығали Ғайсин, Мауби Жұмалиев, Иман Көшеков, Ибрагим Малқашев, Сейітхан Әжігереев, Ғабдолла Мұқашұлы, Жұмағали Аңқылдақов, Алпан Кенжалиев, Қадырбай Есмағамбетов, Ыбыраш Әлжанов, Нияз Меңдіқұлов, Дүйсенғали Жоламанов, Нұрсұлтан Сүнелдіков, Есенбай Әзбергенов, Мырзағали Құрықов, Балта Байымбетов, Қабдолла Жақсығұлов, Өтеген Көпенов, Иманғали Исмағұлов, Құсайын Мүниянов, Құрман Ғалиев, Тілеп Медетов, Ғабдолла Қожаров, Өмірзақ Ермурзин, Қазмұқаш Ыбырашев, Тәжіғали Таңқыбаев, Байтау Жалмұхамедов, Лұқпан Нұғыманов, Мұқан Көздекенов, Беркінғали Атшыбаев, Мұқаш Атшыбаев, Өмірзақ Есмұрзин, Аманғали Өстеміров, Адамбек Ұйықов, Қазмұқаш Ибрашев, Шәріп Сыйқытов (Сәйкетов), Қарасай Қодаров, Рахметолла Қаржаубаев, Жұбакен Тілеубергенов, Сұлтан Рсалиев, Қасым Сармоллин, Дәулетқали Жәнібеков.

Есіл бойындағы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Мағжан Жұмабайұлы, Смағұл Сәдуақасов, Абдолла Байтасов, Ахмет Жанталин, Жұмағали Ізбасаров, Жұмағали Тілеулин, Ғабдолла Шоқаев, Әбжан Темірбеков, Құсайын Темірбеков, Жанұзақ Жәнібеков, Байғазы Ахметов, Қайролла Мәліков, Арыстан Бөкетов, Малгаждар Сағындықов, Есімсейіт Сабыров, Сәдуақас Жандосов, Сейітқасым Бегішев, Мәулен Ибраев, Қожахмет Белгібаев, Махмет Уәлиханов, Қошан Қоспанов, Жармантай Орманов, Әбілкәрім Бимурзин, Сәкен Махметов, Мәжен Жандосов, Қапез Айбасов, Есім Байғаскин, Ақұр Есенов, Салмақбай Көсемісов, Нұрмұхаммед Жәмсин, Әміржан Жанмұхаммедов, Ибраһим Тасболатов, Ғаббас Мүсәпіров, Мұхаметжан Нұрпейісұлы, Дәулет Қуанышев, Ғалиасқар Қуанышев, Жүсіп Құрымов, Қайыржан (Хайролла) Мәкенов, Мұхаметжан Мәкенов, Хайролла Мәкенов, Жармантай Омаров, Абылай Рамазанов.

Ақтөбе өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Ораз Тәтеұлы, Телжан Шонанов, Тел Жаманмұрынов, Алпысбай Қалменов, Құдайберген Жұбанов, Сейдалы Оразалин, Сағындық Досжанов, Әбдіхамит Жүндібаев, Сағидолла Ізтілеуов, Хасан қазірет Нұрмұхамедов, Дәулеткерей Шекмағамбетұлы, Иса Көпжасаров, Ескендір Көпжасаров, Сисенғали Шектібаев, Шайқұл Хасенов, Теміршам Салаубаев, Ғабдолғазиз Хасанов, Ғұмыр Ғабдолғаниев, Есенғали Тұрмұхамедов, Керей Тұрымов, Әбдіразақ Башбаев, Аққағаз Досжанова, Әлімгерей Ершин, Жүсіп Ақбаев, Қуаныш Жұбанов, Абдрахман Муртазин, Бернияз Күлеев, Ораз би Тәтіұлы, Сағынай Елшіұлы, Ахметкерей Қосуақұлы, Есмағамбет Алтыбасұлы, Досан Амантаев, Сәтіғали Құтқожин, Нұрахмет Нүкешев, Нәдірше Есімханов, Төлеуіш Есенәлиев, Темірғали Жаңабаев, Наташқали Санин, Мерғали Оспанов, Сырлыбай Бекбаев, Дүйсенбай Асанов, Бақытжан Байтақов, Бимұхамед Сисекенов, Қамназар Бекмұрзин, Жұманазар Сәндібеков, Жүсіп Қарабаев, Шатай Ашықов, Тұрмұхамед Байқисықов, Түгелбай Қошмамбаев, Кенжеғали Ғабдуллин, Шынтай Дәржанұлы, Бораш Досмұхамедов, Нұрым Ермұхамедов, Тоқмағамбет Жантасұлы, Жәлен Жомартов, Қырымгерей Сейдалин, Оспан Сарбатыров, Сырлыбай Бекбаев, Мәжит Көпірбаев, Елтай Қаналин, Мұзафар Қасымов, Тұрмұхамед Қисықов, Мұхамедәлі Меңдібекұлы, Әбдірахман Мұратжанұлы, Бейсенбай Тыныштықбайұлы, Жайғамалы Нұров, Зәкір Сералин, Рахметжан Шотаев.

Жетісу өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Мұхамеджан Тынышбаев, Садық Аманжолов, Барлыбек Сыртанов, Базарбай Мәметов, Нүсіпбек Жақыпбаев, Сатылған Сабатаев, Ибраһим (Ыбырайым) Жайнақов, Иса Тергеусізов, Біләл Сүлеев, Дүр Сауранбаев (қырғыз), Өмірәлі Айдабосынов, Нәжіп Хамитов, Жарылқасын Отарбайұлы, Құл Бауменұлы, Мұқа Әжібеков, Қалдыбай Ғабдоллин, Төлембай Дүйсебайұлы, Нүсіпбек Емқабайұлы, Тәжен Хамитұлы, Мөңке Смағұлұлы, Түбек Есенғұлов, Сүлеймен Келгенбаев, Ахметбек Қойбағаров, Ақдәулет Құлшықов, Абдулғазиз (Ғазиз) Мурзин, Мырзахан Төлебаев, Қанатхан Сыртанов, Кеңсаба Үмбетбаев, Керімбай Төлебаев, Алдаберген Үмбетбаев, Сәт Ниязбеков.

Түркістан аймағы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Садық Өтегенов, Қоңырқожа Қожықов, Серқұл Алдабергенов, Әзімхан Кенесарин, Әлмұхамед Көтібаров, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Зұлқарнайын Сейдалин, Шәймерден Қапсалямов, Иманбек Сарымсақов, Иманберді Ержігітов, Мәуленқұл Байзақов, Мырзасабыр Әминов, Башабек Болатмұқанов, Қасымбек Ғалымбеков, Әбділрахман Досмұхамедов, Сейітжаппар Ибрагимов.

Ақмола өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары

(толық емес тізім)

Айдархан Тұрлыбаев, Сейілбек Жанайдаров, Хайретдин Болғамбаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Файзолла Ғалымжанов, Мұхамедсәлім Кәшімов, Шәймерден Қосшығұлов, Хасен Нұрмұхамедов, Қази Торсанұлы, Жүсіп Ізбасаров, Төлебай Нұралин, Бірмұхамед Айбасов, Миғаш Абылайханұлы, Сұлтан-Махмұд Абылаев, Бекмұхамбет Серкебаев, Ермұхамед Тоқбаев, Сәдуақас Жантасұлы, Ерқосай Мұқышұлы, Байсейіт Әділов, Жаналы Мырзалин, Жәнібек Ғайсин, Иса Молдыбаев, Балға Күрлеуітов, Сейітжан Жақанов, Есет Жанбаев, Камалетдин Ғабдуллин, Құл Бауенов, Әбілқасен Аңсағаев, Асылхан Апсалямов, Қазбек Байғарин, Есім Байғасқин, Әшім Омаров, Хәкім Сыдықов, Шайшық Олжабаев, Перуаш Кәрімұлы, Ескендір Жиенбаев, Мұсабек Құрманов.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620