Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4460 0 пікір 29 Наурыз, 2012 сағат 09:59

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот ашықтығынан айырылды

Жаңаөзен оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық істі қарайтын сот отырысы ашық өтетін туралы ең әуелі Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов жалпақ жұртқа жария еткен болатын. Мұхамеджанов - облыстағы Астананың көзі һәм құлағы. Оның сөзі - бүтін биліктің сөзі. Алайда, соттың екінші күні-ақ, ашықтық айдалада қалды. 27 күні Ақтау қалалық прокурорының орынбасары Серік Әміров Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта журналистерге фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынғанын мәлім етті. Осымен, Жаңаөзен оқиғасы бойынша соттан ашықтық әдірәм қалды.

Ал, Жаңаөзен қанды оқиғасына «оралмандар кінәлі» екенін адамзат баласына дәлелдемек болып тыраштанып, сол үшін жер түбіндегі Лондонға барып жүрген президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында: «елдегі жағдайды шайқалтып, халықты көшеге алып шығуға пайдаланғысы келетін ақпарат құралдары бар. Кейбір ақпарат құралдарына шынайы ақпарат емес, адамдардың санасын төңкеріске бейімдеу ғана қажет», депті.

Кеңесші «кейбір» ақпарат құралдарының атын атап, түсін түстемепті әрі «кейбіреулердің» «кесірінен» тұтас БАҚ-тың соттан хабар таратар жолы неге кесілуі керектігін айтпапты. Ерінген шығар. Ал, диктофон мен камера қосылып, фотоаппарат жарқылдап суретке түсірмесе, «сотқа журналистер қатысып жатыр, хабар таратылып жатыр» деу Ертісбаевты қайдам, Құдайдан ұят іс.

Сөйтіп сот ашықтығынан айырылды.

P.S.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот басталмас бұрын оқырмандарға «Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот ісі ашық әрі әділ өте ме?» деген сауал қойған едік. Нәтижесі мынау:

Әділ әрі ашық өтеді - 3%

Жазықсыздар тұтылып, оқ атқандар құтылады - 33%

Биліктің дегені болады - 65%

Берілген дауыстар саны: 212

Соттың ашықтықтан айырылатынын қайран ел білген екен ғой. Иә, ел бәрін біледі...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610