Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3759 0 пікір 29 Наурыз, 2012 сағат 08:05

Айхан ШӘРІП. Қаржылық пирамида туралы заң қажет

 

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста заң жобалары талқыға салынды.

Депутаттардың талқысына түскен заң жобасының ішінде біріншісі - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы».

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасы тыңдалған соң, заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды.

 

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста заң жобалары талқыға салынды.

Депутаттардың талқысына түскен заң жобасының ішінде біріншісі - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы».

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасы тыңдалған соң, заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды.

Палатада қызу талқыға түскен мәселе туралы Мәжіліс төрағасы бұл заң жобасының маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Нығматулин: «Электр қуатының 25 пайыздан астамы магистралдық, ішкі орамдық жүйелерде шығынға ұшырайды. Егер біз тұтынушылар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жасалуы керек. Бірақ осы саланы түгелдей жаңғыртпасақ, 1940 жылдардан бізге жеткен электр жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізбесек, ертеңгі күні біз энергетикалық апатқа ұшырауымыз ықтимал. Сондықтан бұл саланы дамыту жөніндегі белсенділікті қолдау қажет. Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттеймей тұрып, бұл заң жобаны екінші оқылымға шығармаймыз. Біз енді ұзаққа созбай, экономиканың осы бір маңызды саласын Президенттің тапсырмасы бойынша нарық талаптарына сәйкес келтіруіміз керек. Басқаша болуы мүмкін емес».

Мәжілістің кешегі жалпы отырысында Үкімет басшысының атына ресми сауалды депутат Меруерт Қазбекова жолдады. Оны мемлекетімізде қаржылық пирамида қағидаты бойын-ша жұмыс істейтін алаяқтар ұйымдарының қауырт, белсенді іс-қимылға көшкендігі алаңдатады. «Қазақстанда Сергей Мавродидің «МММ - 2011» деп аталатын пирамидасы істеуде, - деді Меруерт Айтқажықызы. - Ол халықтан салымдарды негізсіз жоғары пайыз-дармен, электронды ақша және виртуалды билеттер түрінде қабылдауда. Бұл ретте ұйым-дастырушылар пирамидаларының кез келген мезетте банкротқа ұшырауы мүмкіндігін жасырмайды». Бір қынжылтатыны, Мавродиге қарсы Ресей де қайрат қыла алмай отыр. Өйткені заманауи жоғары технологиялар қаржылық операцияға қатысушыларды интернет арқылы тартуға мүмкіндік береді, ал бұл қаржы ағындарын қадағалауды, заң тұрғысынан жауапкершілікке тартуды қиындататын көрінеді. Оның үстіне барлық операциялардың ғаламтор арқылы жүруі, депутаттың түсіндіруінше, қазақстандықтарға кейін сол салымын қайтару мүмкіндігін жоққа теңестіреді екен.

Әзірше «МММ» торына көбіне, ғаламторда еркін «жүзгендер» түсуде. Алайда ең қорқы-ныштысы сол, Мавродидің өкілдері қарапайым халыққа да жетпек: бұл үшін заң аясында сол «алаяқтар көсемінің» бейнесі салынған билеттер шығарылып, олар «өнер туындысы» деп жарияланады деседі, содан кейін ел арасында сол «өнер туындылары» еркін саудалана бастамақ. Келмеске кеткір Кеңестен «сәлемдей», бұл билеттердің Қазақстанда тағы таратылуына тосқауыл қоюдың қамын билік қазірден жасағаны, абзал. Әйтпесе, алданған миллиондардың ашынып, көшені жабуы не екендігін сонда көреміз!

Депутат М.Қазбекова қазақстандық заңнамада тіпті «қаржылық пирамида» ұғымының жоқтығын анықтапты. «Онда электрондық ақшалардың заңсыз айналымы ұғымы да жоқ, - дейді қалаулы. - Азаматтық та, қылмыстық та заңнамада қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту туралы арнайы нормалар жоқ». Содан ба, бүгінде Ұлттық банктің қаржылық ұйымдарды қадағалайтын құзырлы комитеті бар болғаны азаматтарды сақ болу және Мавродидің жаңа ұйымымен ынтымақтасқандарға қаражаттарын жоғалту қаупі төнетіндігі туралы ескертумен шектелді. Депутат ханымның мәліметінше, «өзінің әрекетсіздігін уәкілетті орган тиісті құқықтық базаның жоқтығымен негіздепті». Сол себепті Меруерт Қазбекова халықты қан қақсататын әлгілермен пәрменді күресу үшін Үкіметке қаржылық пирамидалар туралы заңнама түзуді ұсынды. Яғни пирамида құру «алаяқтық» деп танылуға тиіс.

Кеше Төменгі палата мемлекеттік символдар туралы жаңа конституциялық заңның жобасын қарауды қоңыр күзге қалдырды. Бұл жобаны айналасында көп дау туу кесірінен, Үкімет кері қайтарып алмақ та болған. Мәселен, ол жеке нотариустерге елтаңбасы бар мөр басуға ұлықсат етпек. Жоба жөнінде баяндама жасаған депутат Д.Назарбаеваның айтуынша, нотариалды куәландырылған кейбір жеке мәмілелер кейін жағымсыз құқықтық салдарлар туғызуы мүмкін. «Жеке нотариустың мөрінде, тиісінше құжатта мемлекеттік елтаңбаның болуы сондай мәміле бойынша мемлекетке жауапкершілік артуына әкелуі ғажап емес» деді ол. Депутаттар мазаққа ұқсатып, мемлекеттік символдарды мемстандарттарға мүлде лайықсыз күйде жасаушыларды қылмыстық жауап-кершілікке тартуды ұсыныпты. Бұған қоса, шетелден, сонда әзірленген Қазақстанның мемлекеттік нышандарын әкелуге тыйым салынуы ықтимал. Қалаулылардың бұл ұсыныстарын Үкімет зерделемек. Конституциялық заң жобасына депутаттар 14 қарашадан кейін оралатын болды.

«Айқын» газеті

 

0 пікір