Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3416 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 09:33

М.Әбілязовтің көмекшісі Алматыда өткізуге дайындаған жарылыстардың мақсаты - қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру

М.Әбілязовтың көмекшісі Алматыда өткізуге дайындаған жарылыстардың мақсаты - қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2012 жылғы 24 наурызда Алматы қаласының аумағында өткізуге дайындалған лаңкестік актілердің алдын алды.

Жоспарланған терактілердің ұйымдастырушысы 2009 жылдан бастап қазақстандық құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүрген, 1975 жылы туылған Павлов Александр Владимирович болып табылады.

Павлов 2005 жылдан бастап Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеу салынған БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Аблязовтың жеке күзетін басқарады, оның жеке құпия тапсырмаларын орындаумен айналысады.

Атап айтқанда, Александр Павлов Мухтар Аблязовке БТА Банктің қаржыларын аса ірі көлемде ұрлауға көмек көрсеткен, ал 2009 жылғы ақпанда Аблязовтың жеке мұрағатын және БТА Банктің Корпоративтік бизнес басқармасының компьютерлерінен қатты дискілерді көшіруді ұйымдастырған, содан соң өзі де Ұлыбританияға шығып, бүгінгі күнге дейін Қазақстанға кірмеген.

2010 жылғы сәуірде Павловқа қатысты біреудің сеніп тапсырылған мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша (ҚР ҚК 176 б. 3 т) қылмыстық іс қозғалдын, ал 2010 жылғы тамызда оған іздеу жарияланды.

kaz.gazeta.kz

0 пікір