Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4003 7 пікір 26 Ақпан, 2021 сағат 12:37

Пашинян: Әскери төңкеріс жасауға талпыныс болды

Армения қарулы күштерінің бас штабы премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметті отставкаға кетуге үндегеннен кейін премьер-министр елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді.

Бас штабтың Пашинян отставкасын талап етуіне "бас штаб төрағасының бірінші орынбасарының "болмашы себеппен" қызметтен босатылуы себеп болған.

"Бұл - Арменияның ұлттық және мемлекеттік мүдделерін ескермей отырып жасалған қадам. Осындай күрделі шақта мұндай шешім мемлекет мүддесіне қайшы, жауапсыз қадам" делінген бас штаб таратқан мәлімдемеде.

Олар осындай "күрделі шақты премьер-министр мен үкімет бұдан әрі ақылға қонымды дұрыс шешім қабылдай алмайды" деп санайды. Қарулы күштер өздерінің талаптарын орындату мақсатында күш қолдана ма, жоқ па, белгісіз.

Ал Никол Пашинян отставкаға кетпейтін мәлімдеп, бас штаб жетекшісі Оник Гаспариянды орнынан алды. Ол сонымен бірге жақтастарын ел астанасы Ереван орталығына жиналуға шақырды.

Abai.kz

7 пікір