Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 07:44

Сегіз миллион доллар шығын келдi

Биылғы көктем Оңтүстік Қазақстан үшін ауыр болды. Қалың қар бірден ерігені, жердің тоңы жібімей жатып толассыз жаңбыр жауғаны елдің әлек-шәлегін шығарды. Ауылдарды су алды. Арнайы құрылған комиссия жер-жердегі келген шығынды енді ғана анықтап, арнайы құжат толтырды. Міне, оның нәтижесі.

90 тұрғын үйді қайтадан тұрғызбаса бол­майды. 280 үйді күрделі жөндеуден өт­кізбесе, оларда адам тұруы мүмкін емес. Облыстық маңызы бар 4 көпір қирап қалды. 30 құбырдан салынған көпірді ке­ңей­тіп, қайтадан салмаса, алдағы кезде су таси қалса жағдай тағы да күрделене тү­седі. Әлгі 4 көпірді салуға 350 миллион, 30 көпірді қалпына келтіруге 90 мил­лион, бұзылған автомобиль жолдарын жөн­деуге 15 миллион теңге қажет. Осы­лайша есептегенде, 1 миллиард 185 мил­лион теңге керек екен. Мұны Амери­каның долларына шаққанда 8 миллион көк қағаз болады. Мамандар осылай деп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкім­ді­гінің баспасөз қызметі хабар­лағанындай, осы мақсатта құрылған штаб су тасқы­ны­ның алдын алу мен оның зардаптарын жоюдың салдарын әлі де өз бақылауында ұстап отыр. Облыс бойынша биыл судың асау мінезін 12 аудан айқын аңғарды. 226 елді мекенді су алды. Алдын ала қолданыл­ған шаралардың нәтижесінде ғана 7 аудан мен 186 елді мекенге топан су кірмеді. Сел­дің бағыты өзгертілді. Бұлай болмаған жағ­дайда төтенше жағдайдың зардабы қа­зіргіден де ауырлау болатын еді.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Айқын» газеті

0 пікір