Сенбі, 20 Сәуір 2024
Әлеумет 51624 8 пікір 25 Ақпан, 2021 сағат 12:24

Көлгінов әкімдігі 1 миллиард теңге «жымқырған»

Елордада мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде 1 млрд теңгеден астам соманы жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбатталған бағада сатып алғаны белгілі болды. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болатын еді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді.

Abai.kz

8 пікір