Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3738 0 пікір 27 Наурыз, 2012 сағат 08:26

Интернет-конференция: Әміржан Қосанов (жалғасы)

 

Конференция қонағы - «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Сағидрахманұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сан түрлі сауалдарға бүкпесіз ашық жауап беріп, интернет-конференцияны аяқтап отыр.

Әміржан мырза соңғы сұрақтардың біріне жазған жауабында елде қандай да бір өзгерістердің эволюциялық жолмен болғанын қалайтынын айтады: «Социал-демократия дегеніміз төңкерісшіл емес, эволюциялық өзгерістерді қалайтын ой ағымы. Мен де елдегі жағдайдың түбегейлі жақсаруын бір адамдай қалайтын қазақпын. Бірақ сол үшін бір қазақтың баласының басы жарылуы шарт болса, ондай өзгеріс болмай-ақ қойсын! Бірақ билік неғұрлым радикалданған сайын, қоғам да соғұрлым радикалдана түседі».

«Абай-ақпарат»

- Төңкеріс жасағыларыңыз келеді. Бірақ мен Қазақстанда Ливиядағыдай, Қырғызстандағыдай жағдайлар болғанын қаламаймын. Сіз ше?

- Социал-демократия дегеніміз төңкерісшіл емес, эволюциялық өзгерістерді қалайтын ой ағымы. Мен де елдегі жағдайдың түбегейлі жақсаруын бір адамдай қалайтын қазақпын. Бірақ сол үшін бір қазақтың баласының басы жарылуы шарт болса, ондай өзгеріс болмай-ақ қойсын! Бірақ билік неғұрлым радикалданған сайын, қоғам да соғұрлым радикалдана түседі.

- Меніңше, оппозицияда мықты идеолог жоқ. Келісесіз бе?

 

Конференция қонағы - «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Сағидрахманұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сан түрлі сауалдарға бүкпесіз ашық жауап беріп, интернет-конференцияны аяқтап отыр.

Әміржан мырза соңғы сұрақтардың біріне жазған жауабында елде қандай да бір өзгерістердің эволюциялық жолмен болғанын қалайтынын айтады: «Социал-демократия дегеніміз төңкерісшіл емес, эволюциялық өзгерістерді қалайтын ой ағымы. Мен де елдегі жағдайдың түбегейлі жақсаруын бір адамдай қалайтын қазақпын. Бірақ сол үшін бір қазақтың баласының басы жарылуы шарт болса, ондай өзгеріс болмай-ақ қойсын! Бірақ билік неғұрлым радикалданған сайын, қоғам да соғұрлым радикалдана түседі».

«Абай-ақпарат»

- Төңкеріс жасағыларыңыз келеді. Бірақ мен Қазақстанда Ливиядағыдай, Қырғызстандағыдай жағдайлар болғанын қаламаймын. Сіз ше?

- Социал-демократия дегеніміз төңкерісшіл емес, эволюциялық өзгерістерді қалайтын ой ағымы. Мен де елдегі жағдайдың түбегейлі жақсаруын бір адамдай қалайтын қазақпын. Бірақ сол үшін бір қазақтың баласының басы жарылуы шарт болса, ондай өзгеріс болмай-ақ қойсын! Бірақ билік неғұрлым радикалданған сайын, қоғам да соғұрлым радикалдана түседі.

- Меніңше, оппозицияда мықты идеолог жоқ. Келісесіз бе?

-Келіспеймін. Біздің қатарымызда идеологиялық жұмыстың майын тамызатын азаматтар жеткілікті.

-Жанболат Мамай, Инга Иманбай сияқты адамдардың сіздерге не керегі бар? «Жастардың өкілі, азат ойлайтын сондай да жастар бар» деуден басқа не жауап бере аласыз?

-Жанболат пен Инга жас болса да, саяси позициясы қалыптасқан, жастар ортасында беделді іні-қарындастарымыз. Қауіп-қатерден қаймықпай, ойларын ашық айтып, нақты қимыл-әрекеттерге барып жүр. Оларды қатты сыйлаймын. Қолымнан келгенше қолдап, азын-аулақ ақылымды айтып жүрмін. Әзірше менің жаман ақылымды тыңдайды әйтеуір...

-Әміржан мырза, №21 Жариялаған Қонақтың (чт, 03/15/2012 - 01:01) жазып отырғаны арандату сұрақтар секілді. Сен ол ультраұлтшыл көрсеткен оралдық журналист Қажымұқан Ғабдолла ашқан Майдан сайтына кірмейтін де боларсың. Дегенмен осы сайтта сені сынаушы, саған:

Құйындай қуат-жалынды,

Жігерін, босқа жаныды...

Комсомолын қимайды,

Қазалының ӘМІРІ!..

Күресем деп ҒҒ-мен,

Түрмеде аздап арыды...

Осы беттен қайтсаң ғой,

Қазақстанның ӘМІРІ!..

Қасиетті ҚАЗАҚТАН,

Еді ғой оның тамыры.

ҰЛТЫҢ үшін күресші,

Қазақтың ұлы - ӘМІРІ! - деп «өлең» шығарған, «Қазақ елі» қозғалысының «бас идеологі» Нағашыбай Есмырзаев деген фашизм идеологиясын ашық насихаттайды екен. Оған не дейсің?

Ал, «оралдық журналист Қажымұқан Ғабдолла» асқынған «бонопартизм» кеселіне шалдыққаны сонша онысы «шизофринияға» айналып бара жатқанын оның мақалаларынан көрмеу мүмкін емес. Бұл не, жастар мен ультраұлтшылдарды улау үшін биліктің жасап отырған арнайы амалы ма болмаса ірі саяси тұлғалар мен ойшыл азаматтарды ығыстыра-ығыстыра «жеткен жеріміз» осы ма?

Не десек те саяси майданға ұсақ «бонопартшиктердің» араласуы аса қауіпті құбылыс емес пе? Оларды табысқа жетеді деп ешкім мән беріп те жатпағаны анық. Бірақ бір үйді өртеуге кейде назардан тыс қалып қойған бір баланың да шамасы жетіп жатады. Оның үстіне жау жағадан алғанда бұлар етектен тартып, үй ішінен үй тігуге ұмтылғаны да түсініксіз.

-Тағы да қайталаймын: ешбір тақырыпқа, ол демократия болсын, не ұлт мәселесі болсын, ешкім үшін монополия жоқ! Әркім шама-шарқынша тірлік жасайды. Ең бастысы, ол тірлігі ел бірлігіне нұқсан келтірмесе болды. Бұл тек қана Қажымұқанға қатысты емес. Айтарым - осы!

-Егер біреулерден қомақты қаржы түспегенде оппозицияда қалар ма едіңіз?

-Менің қайдан қаржы алып жүргенімді қайдан білесіз? Оппозицияда ақша үшін жүрген жоқпын. Осы күнге дейін өз күнімді өзім көріп жүрген адаммын. Биліктен де, оппозициядан да ақша алған жоқпын. Сондықтан билікке де, оппозициядағы әріптестеріме де пікірімді ашық айтып келемін. Өмірде ең қымбат нәрсе - тәуелсіздік. Сол тәуелсіздігімді жоғалтқым келмейді.

- Шынында да, сіздердің дауыстарыңыздың қатты, бәсең шығуы сырттан келетін ақшаның көлеміне байланысты емес пе?

-Заң бойынша, саяси партия шетелден қаржы ала алмайды. Соны біліп қойыңыз.

-Петекеңе (Пётр Свойкті айтам) деген көзқарасыңыз қалай? Ондай адаммен бір столдың басында қалай отырасыз? Бізді сыйламайтын адаммен бірге баррикадаға шығуға бола ма сонда?

-Бұл сұраққа  жоғарыда жауап бергенмін.

-Cізді ұлтшыл емес жүзшіл деген әңгіме бар...

-Мен туралы басқа да әңгімелер көп. Сол алып-қашпа әңгіменің бірі ғой. Жүзшіл емеспін, алашшылмын!

-Әміржан, інім,үш сұрағым бар.

Біріншісі, комсомолда жасағаның рас па?

-Жасадым.

-Екінші сұрағым, Төлеген Жүкеевтің «бұрынғы оппозиция кету керек, жастарға орын беру керек» деген пікіріне не айтасыз?

-Жаңа күштер келуі керек дегеніне қосыламын. Жастар да қатарымызға көптеп келуде. Уақыт өте бәрі де жаңару керек: билік те, оппозиция да. Бұл жалпы қоғамның жаңаруына алып келетініне кәміл сенемін!

-Үшінші сұрақ, құрылтай идеясына көзқарасыңыз.

-Сөз жоқ, демократиялық үрдістерді қолдайтын ұйымдар мен елге жанашыр азаматтар бас қосып, күш біріктіруі керек. Ол бірігудің мазмұны мен формасы туралы ел боп, жұрт боп ақылдасу қажет сияқты.

-Әміржан, 15 күн деген бірталай уақыт. Сол 15 күн сізге бір тың ойлар немесе идеялар әкелді ме? Егер әкелсе, ол қандай ойлар?

-Жоғарыда айтқанымдай біраз ойды күнделігіме түсіргенмін. Оқуыңызға болады. http://zhasalash.kz/sayasat/6661.html

Күнделікке сыймаған ойлар да бар. Кейінірек қағазға түсіремін. Нақтылап алайын. Қазір сәл денсаулықты түзеп алайын, рұқсат болса.

-Маңғыстау облысына қарасты құрылыс департаменті бастығы қылып Нұрлан Сарсекеновті тағайындапты. Ол бұған дейін Бас прокуратура қызметкері болған екен. Неге ол қызметке Астанадан, оның үстіне Бас прокуратура қызметкерін алып келген?

-Ол кісіні танымайды екенмін.

- Қазақ оппозиясы бет бетіне бөрінің көтінше шуламай қашан салиқалы, соңына елді ерте алатын бағытты партияға айналасыңдар. Темірбек

-Шу туралы ойыңызбен келіспеймін, бірлік туралы ойыңызбен келісемін.

 

-Тоқтар ағайды сіздермен бірге дегенге әлі қимаймын! Сол кісі сияқты бір сөзді болсаңыздар ғой...

-Менің бір сөзді еместігімізді қайдан көріп едіңіз? Тоқаңның бізбен бірге болғаны - Батырдың өз таңдауы. Біз үшін ол мақтаныш!

-Әлеуметтік теңдік дегенді қалай түсінесіз? Кейбіреулер оны «комунистік режиммен» шатастырады. Жер байлығын жеке адамдар емес, халық иеленуі керек емес пе?

-Теңдіктің де теңдігі бар. Меніңше, ең алдымен, мүмкіншіліктер теңдігі болуы тиіс! Еңбекқорсың ба, білімің мен дайындығың мықты ма, өс, оз! Жалқаусың ба, білімің таяз ба, кейін қаласың! Мемлекет он екі мүшесі сау адамдарға сондай мүмкіншілік беруі тиіс. Ал мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік жағынан қорғалмағандарға тиісті жағдай жасауы тиіс.

Жер байлығы - жеке адамдардың байлығы емес, ел байлығы! Сол байлықты сатудан түскен қыруар қаржы халық игілігіне жаратылуы тиіс. Ол ойыңызбен келісемін!

-Халықаралық ұйымдар босат деген соң Соколова мен Винявскийлерді босатты,

Ал, енді сол халықаралық ұйымдар біздің өкіметке неге қазақ оппозиционерлерін босат демейді?

-Менің білуімше, ол ұйымдардың талап-хаттарында аталған тізімде қандастарымыз да бар. Оларды босатпай жатқан шетел емес, өзіміздің билік емес пе?

-Ассалаумағалейкум Әміржан аға! Алла басыңызға амандық, ісіңізге табыс берсін! Сізге қояр сұрағым төмендегідей.

Жақында бір БАҚ-тан қара халықтан шыққан, тексіз адамның билік етуі тек өз басын ойлап, қалтасын қампайтумен шектеледі. Ол тексіз, ақсүйек емес жандарға тән қасиет деген пікірді оқыдым. Автордың сараптамасына қарасақ, ойға қонымды сияқты болып көрінеді. Бұл қазақтың: «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас»- деген мақалымен үндес келеді. Шынында тек қазақ халқы емес, көптеген елдерде осындай тенденциялар байқалып жатады. Қай елде, қашан да болған төңкерістерге қарайтын болсақ, төңкерістің данышпандары алдымен шіркеу мен мешіттен, елдің ақсүйек-тектілерінен арылуға күш салады. Содан соң ұрандатып, надан, қарапайым халықты оңай басқарып отыра береді. Біздегі саясаттағы осы көріністер туралы ойыңызды білгім келеді.

-P.S. Әрине бұл адамдардың құқығын таптау, жіктеу болып көрінуі мүмкін. Ондай ойдан аулақпын. Тек біз өзгерте алмайтын кейбір осындай өмір заңдылықтарын ескере отырып жасалған тұжырымдар деп қабылдарсыз.

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Мақалдың дұрысы бар, бұрысы бар! Ақсүйек пен қарасүйек деп бөлуіңізбен мүлдем келіспеймін. Адамдардың бәрі Жаратқан алдында, Ата заң алдында тең қақылы! Бар айтарым - осы!

-Қазақ елінде орыстардың партияларды басқарғанын дұрыс деп ойлайсыз ба? Мысалы Косарев, Козлов.

-Бұл - ол азаматтардың конституциялық қақы. Және де сол партиялар мүшелерінің өз шешімі ғой.

-Алла қуат берсін.А қылды, шыншыл халық сіздермен бірге.

-Ниетіңізге рахмет! Халқымызбен біз де біргеміз!

-Билікте мықты экономист тұлға дейтін кім бар? Әлде бәрі де уақыт ағынымен, креслоларынан айрылмай келе жатқандар ма?

-Билікте тек қана білімсіздер отыр дегенге мен сенбеймін. Талай-талай мықты, өз існе мығым азаматтар, экономистер бар. Бірақ біздің экономикамыз, өкінішке орай, жоғарғы биліктің саяси тәбетін қанағаттандыруға ғана жұмыс істейді. Сол кез келген экономист-шенеунік осы қағидаттан шыға алмайды. Мінез көрсетсе, я сотталады, я сыртқа кетуге мәжбүр болады. Бір сөзбен айтқанда, билікте білікті мамандар бар, бірақ олар билікте үстемдік еткен саяси талаптардың құлы болуға мәжбүр.

-Екінші, биліктегілердің балалары керемет басы істейтіндер ме? Неге олар Қазақстанның түрлі майшелпек орындарын басқарады?

-Өйткені бізде биліктің өз  ішінде кадрлардың өсуі көпе-көрінеу теңсіздік жағдайында жүзеге асуда. Тамыр-таныстық принципі мықтап орныққан. Осының бәрі білімді де білікті, бірақ жоғары жақта көкелері жоқ жастардың ашу-ызасын туғызуда. Мұндай дәстүрді жою керек! Бұл бастықтардың балалары мүлдем өспесін деген сөз емес. Олар басқалармен бірге тең дәрежеде конкурсқа түссін, бағын жалпыға бірдей талаптар негізінде сынап көрсін деген сөз

-Үшінші, қазақ зиялылары кім көрінгеннің жеміне айналып, далада қалып жүр. Ақша дегенде естері шығып кетеді. Міне сол зиялылардың өздері жеке бас қосып, жаңа бір партия құра алар ма еді?

-Ол зиялылардың өз ісі болар. Меніңше, нағыз зиялылардың бәрі бір адамдай бір партияға еніп кеткені дұрыс емес сияқты. Нағыз зиялы ол - қайталанбас, бір партияның Жарғысына сыймайтын үлкен тұлға! Ол - еркін ойлайтын, тәуелсіз жүретін адам. Сол жағын да ұмытпайық.

-Қазіргі партиялар арасындағы әділ бәсекелестіктің деңгейі қандай? Бұған қандай баға бересіз?

-Бізде саяси партиялар арасында өркениетті бәсеке дәстүрі қалыптасқан. Бір жағынан - «Нұротан» мен оның сыбайластары, екінші жағынан - оппозициялық партиялар. Партияаралық бәсеке толыққанды болу үшін олардың барлығына тең жағдай жасалуы тиіс. Оның бәрі партиялардың тіркелуі мен қызмет етуіне, мемлекеттік БАҚ-тарға қол жеткізуі мен сайлау комиссияларына мүше болуы сияқты аса маңызды нәрселерге тікелей байланысты.

-Оппозицияның билікке ықпалы неге төмен, кей болған келеңсіздіктерге белсене ықпал еткенде кей мәселелерге билік назар аударып дұрыс шешім тапқанда қайғылы жайттар болмаспа еді.

Оппозицияның әлсіз болуның себебі неде деп ойлайсыз?

-Қазақстан оппозициясы әртүрлі күштер мен тұлғалардан құрылған жанды, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері бар организм. Коғам қандай болса, оның балама ойын білдіретін оппозиция да сондай! Оппозицияның билікке ықпалы ол күшейген сайын арта түспек. Ал күшеюдің бір жолы - бірігу. Ол туралы жиі айтылады. Бірақ амбиция деген құрғыр ылғи да қолбайлау боп жүр.

-ЖСДП ның негізгі ұстаным бағыты қандай ? Билік үшінбе жоқ ел мүддесімен демократия үшін күресесіздер ме?

-Билік үшін күрессе, «Нұротан» күрессін. Біз халық жағындамыз!

-Сіздерде шешімдер мен басты мәселелер басшылардың ықпалымен шешіле ме, жоқ кеңестен талқыдан өте ме?

-Барлық шешім тек қана съезд, Саяси кеңес және Төралқада қабылданады. Ең дұрысы сол!

-Мемлекеттік қаржыны қадағалау мен әкімдер ісінің дұрыс атқарылуына қандай жол ұсынар едіңіз?

-Ол үшін жергілікті мәслихаттардың ролін күшейту керек. Және де оның құрамында ел арасында беделі бар, пікірін ашық айта алатын, әкімнің аузына қарап қалмаған, лайықты депутаттар болса, атқарушы билік айылын жиып жүрер еді.

-Теларнадан "өнер иелерінің" сыр сұхбаттары сағаттап берілсе де саяси қоғамдық маңызды пікірлерге қысқа минуттар ғана беріледі. Көпшілік қауым арасында да қоғамдық телеарна жайында сөздер бар. Осыған көзқарасыңыз қандай?

-Қоғамдық теледидар туралы біз біраздан бері айтып келеміз. Бүгінде бұл мәселе аса зәру, өйткені шын мәнінде көппартиялық Парламент жоқ кездің өзінде, қоғамда болып жатқан процестерге көпшілік болып баға беруді дәл осы Қоғамдық теледидар ұйымдастыра алар еді.

-Қазіргі әлемдік саясатта құбылып тұр. Батыс, екі алып көрші, мұсылман елдері арасында қандай саясат ұстануды дұрыс санайсыз?

 

-Бізде сыртқы саясаты қалыптастыру қоғам ықпалынан тыс шенеуніктер тобы - Сыртқы істер министрлігінің қолымен жүзеге асырылуда. Тәуелсіз сарапшылар мен мамандардың ой-пікірі ескерілмей жатады. Сыртқы саясаттың стратегиялық сипаты жоқ! Алдымен осы жағын реттеп алуымыз қажет.

Екіншіден, сыртқы саясат басымдықтарын белгілеуде Парламенттің ролі артуы тиіс. Яғни, аса маңызды халықаралық бастамалар нақ осы Парламенттің сүзгісінен өтуі керек. Сонда ғана ол шешімдердің бір қайнауы ішінде болмай, тиімділігі артады.

Негізгі бағыттарғы келсек, қысқаша айтқанда, еуропалық өмір стандарттарына жақындағанымыз абзал. Ресеймен көрші ретінде санасу әрі сыйласу керек, бірақ белгілі бір міндеттемелер жүктейтін саяси одаққа кіру жағына абай болған жөн. Өйткені, ол жағдайда халықаралық аренада Қазақстанның дербес саясат жүргізу маневрі шектеліп қалуы мүмкін. Қытаймен де байланысты өркениетті түрде түзу қажет, оның экспансиясының көлеңкесінде қалып қою қаупін анық ұғынуға міндеттіміз. Басқа көршілермен де қарым-қатынасты дұрыстап алғанымыз ләзім болар еді.

-Әміржанның ұлтшыл екеніне сенбеймін. Ұлтшыл болса ұлтшылдармен бір кездесуі керек еді ғой. Ойлайтыны - Болат Әбілов болып жүр бұл жігіттің.

-Қоғамда әртүрлі пікір айтып жүрген барлық күштермен шама-шарқымша кездесіп жүрмін. Ұлтыма адал болу - парызым. Әбілевпен (немесе басқалармен) бірге жүрсем, несі айып? Кешіріңіз, түсінбедім сұрағыңыздың астарын...

Соңы

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір