Жұма, 19 Сәуір 2024
Экономика 50644 2 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 13:55

Perseverance роверінің Марсқа қонған сәтінен видео жарияланды

Америкалық NASA ғарыш агенттігі Perseverance роверінің 18 ақпанда Марсқа қону сәтінде түсірілген видеоны жариялады.

Видены бірнеше камера түсірген. Камералар аппараттың бірнеше жеріне орнатылған. Түсіру 11 шақырым биіктікте басталған. Видеодан басқа планетаға жеткен ең үлкен парашюттың ашылу сәтін де көруге болады.

"Персивирэнс" ровері Езеро кратеріне қонды. Кратер диаметрі - шамамен 49 шақырым. Ғалымдар бұл жерде кезінде су болған деп болжайды.

Abai.kz

2 пікір