Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әлеумет 43747 4 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 11:46

Бес баласы қайтыс болған отбасына пәтер берілді

Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан 5 баласы қайтыс болған отбасына жаңа пәтер берілді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімшілігі мәлімдеді.

«Балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді»,- делінген хабарламада.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдады.

Айта кетейік, 19 ақпан күні Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт шыққан. Салдарынан  2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қайтыс болды.

Ал, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған хабарлады.

Abai.kz

4 пікір