Дүйсенбі, 29 Қараша 2021
Анық 3499 7 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 11:22

«Қажетсіз шығынды қысқарту ойыны» басталды

Біздің елдегі облыс әкімдерінің тек қана беделін көтеру үшін құрылған, ең кедейі деген жылына сол облыстың бюджетінен кемінде 4 миллиард теңгені жамбасқа басатын футбол клубтарының өмірлері жұмақтай еді. Құдайға шүкір, ақша жетеді. Сондықтан да олар аса сараңдық танытпай, қанша сұраса да сонша беріп, шетелдерден легионерлдер деп аталатын келімсектерді шақыруды (дұрысы, сатып алуды) өзіндік бір «дәстүрге» айналдырып алған. 

Бір ғана цифр. Елімізде анау-мынау емес, тұп-тура 98 кәсіби спорт клубы тіркелген екен. Олардың барлығы дерлік жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Мұны да аз десеңіз, олардың кейбіреулдері ұлттық компаниялар молынан бір қарпып, жеке кәсіпкерлерден екі қарпып, теңгені дорбалап алып жүргендігі көпшілікке ақиқат.

Енді олардың шетелдік әлгіндей келімсектерді байытатын, оған қоса өздері де шалқып өмір сүретін дәурені аяқталатын шығар деген үміт оянған еді. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы жылғы қыркүйек айының басында Парламенттің бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде: «Бүгінгідей қаражат тапшылығын ерекше сезініп отырған жағдайда еліміздегі кәсіби спорт клубтарын толық бюджет есебінен ұстап отырудың еш мәні жоқ, ал оларды қолдауға кеткен миллиардтаған теңге тым тиімсіз жұмсалады», деп ашық айтқан болатын. Ал жаңадан өсіп келе жатқан ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне назар аударып, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруғы көңіл аударған жөн екендігіне ерекше тоқталған. 

Мемлекет басшығы айтқан соң амал жоқ, біздің билік басындағы шенеуніктер әдеттегідей өздерінше белсенді қимылға көшкен қалып танытқан. Өткен жылдың аяқ кезінде Мәжілістің пленарлық отырысында еліміздің мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жылына елімізде жалпы спортқа бюджеттен 160 миллиард теңге бөлентіндігін, ал оның 55,5 миллиарды кәсиби клубтардың еншісіне тиетіндігін хабарлаған. Онан соң, министр ханым аталмыш клубтарға жұмсалатын қаржының биыл екі есе қысқарып, одан үнемделген 22,2 миллиард теңге бұқаралық спортқа жұмсалатын айтып, қалың жұртты бір қуантқан еді.

Алайда бізде қашанда шенеуніктің айқананының бәрі сол қалпында орындала бермейді ғой. Бұл жолы да сол дәстүр бұзылған жоқ. Жақында ғана белгілі болғандай, әкімдердің клубтарына бөлінетін мол қаржыны тұп-тура екі есеге қысқартуға олардың қожайындарынан қысылған болар, ол небәрі 1,6 есе ғана қысқарған. Мәсеелен, былтыр Қазақстандағы футбол клубтарының бюджеті 27,3 миллиард болса, енді ол әлі де 16,9 миллиард теңге құрап отыр.

Ал енді еліміздегі осы футбол клубтарына бөлінетін қаржылардың қандай есепке немесе қисынға сүйеніп қысқартылғаны мүлдем түсініксіз. Мәселен, талқықорғандық «Жетісу» мен қарағандылық «Шахтер» әлдекімдердің қаһарына ұшырап, бюджеті үш жарым есе қысқарып, небәрі 800 миллионға ғана түсіп қалған. Қызылордалық «Қайсар» де екі есе күзелді. 

Бір ғажабы, қысқартудан аса зардап шеге қоймаған Қостаанайдың «Тоболы» болып отыр. Ол биыл бас-аяғы 1,4 есе қысқарып, әлі қолақпандай 2,3 миллиард теңгені қамтып қалды. Сірә, «Сиынғыннан, сүйенгенің мықты болсын» деген мақал шындықтан алыс емес шығар.

Мұны да аз десеңіз, «Тараз», «Қайрат» пен «Қызылжар» қысқартудан мүлдем зардап көрген жоқ деуге де болады. Сайып келгенде тіпті осы «Тараз» бен «Қызылжарды» бюджеті өсіп кетті деуге де болады.

Міне, біздегі бюджет қаржысын үнеидеу, қажетсіз шығындарды қысқарту деген жұртты алдау «ойыны» осындай қызық емес, шыжыққа айналып отыр.

Жайберген Болатов

Abai.kz

7 пікір