Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3089 4 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 11:11

Путин «король сарайының» өзіне тиесілі емес екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин Алексей Навальныйдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоры жариялаған Геленджиктегі «король сарайының» өзіне тиесілі емес екенін мәлімдеді. Путин бұл туралы 25 қаңтарда студенттермен онлайн кездесу кезінде айтқан.

«Бос уақытымның болмауына байланысты мен тергеудің барлығын көре алмадым, бірақ көмекшілерім әкелген үзінділерді қарап шықтым. Ол жерде менікі деп айтылғандардың маған және менің туыстарыма еш қатысы жоқ»,- деді ол.

Өткен аптада оппозициялық саясаткер Алексей Навальный құрған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор президент Владимир Путинге тиесілі ғимараттар туралы зерттеу жасаған. Бұл Путиннің Краснодар өлкесіндегі Геленджик маңындағы «патша сарайына» қатысты. Бір апта ішінде аталған фильмді YouTube-те 85 миллионнан астам адам қарады.

Бұған дейін Алексей Навальный «новичок» уымен уланып, ауруханаға түскен. Кейін Германияда емделіп, 18 қаңтар күні Ресейге қайтып оралды. Ол Ресейге келген бетте, әуежайда тұтқындалған.

Ал, 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында үкіметке қарсы митингтер өтіп, Навальныйдың босатылуын талап етті.

Abai.kz

4 пікір