Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 5842 1 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 15:55

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

25 қаңтарда белсенді Әйгерім Тілеужан құқық қорғаушы Ерлан Қалиевпен бірге Алматы қалалық полиция департаментіне барып, бокстан Синдей олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз түсірді.

Оған 10 қаңтарда - орталық алаңда полиция әділ сайлауды талап еткен белсенділерді қоршап тұрған кезде спортшының "ұсақ бұзақылық жасап, наразылардың плакатын жыртуы" себеп болған.

- Оның әрекеті заңсыз. Әкімшілік кодексте екі бап бар. Бірі - 73-1-2-бап ("Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және Ұрып-соғу"). Ауыр салмақтағы боксшының қолы басқаларға жұдырығын сермеймін деген кезде белсендіге (Әйгерім Тілеужан) тиіп кетті. Екіншісі - 434-бап ("Ұсақ бұзақылық"). Плакат жыртып, белсенділерге тиісіп, балағаттағаны үшін жазалауын талап етеміз, - деді құқық қорғаушы Ерлан Қалиев.

Әйгерім Тілеужанның сөзінше, 10 қаңтарда демократиялық партия құрғысы келетін бастама топ өкілдері полиция қоршауында қалған кезде ол топ мүшелері мен спортшы арасында төбелес шығып кетпесін деп ортада тұрған. Ермахан Ибраимов ашуланып "белсенділерді ұрмақшы болған кезде" қолы бетіне тиіп кетіп, ауырған.

- Ол ешкім өте алмаған қоршаудан оп-оңай өтіп, бізбен сөйлесті. Оның келіп белсенділерді балағаттап, плакаттарын жыртуға полицияның өзі жол ашып беріп отыр. Мұндай әрекет жазасыз қалмасын деп шағым түсіріп отырмыз, - деді Әйгерім Тілеужан.

Алматы қалалық полиция департаменті белсендінің арызын қабылдап, өзінен сұрақ-жауап алатынын айтты. Ал спортшының өзі арызға байланысты түсініктеме бермеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594