Сейсенбі, 9 Наурыз 2021
Дабыл 3176 15 пікір 21 Қаңтар, 2021 сағат 11:52

Ресейлік компанияның кесірінен нан қымбаттады

Осы аптадағы ең шулы оқиға Қазақ еліндегі ұн мен наның жөн-жосықсыз қымбаттуы болды. Бұл туралы отандық медиа басылым ElDala.kz мәлім етті. 

Иә, наның қымбаттауына өзіміз кінәліміз экономикалық әм стратегиялық маңызы бар тізгінді ресейлік астық тасу операторы «Русагротранс» компаниясының қолына беріп қоюымыздан болып отыр. «Русагротранс» компаниясының тасымал тарифін көтеруіне шыдамаған Түркістан облысы мен Шымкенттің 15 ірі ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшылығы қалыптасып отырған жағадайға байланысты ҚР президентінің әкімшілігі мен антимонополялық комитетке өз наразылығын жолдамақшы.

Олардың пікірінше, бұл әрекет ең әуелі шикізаттың қымбаттауына, одан кейін әлеуметтік маңызы бар тауаралар ұн мен нанның қымбаттауына әкеп соқтырады. Еліміздің оңтүстік аймақтары ішкі нарығымыздағы ең ірі ұн өнімдерін өңдеуші және тұтынушы болып табылады. Ал, астық тек солтүстік аймақтарда ғана егілетіндігі белгілі. Енді оның тасымалына иелік ететін ресейлік астық тасу операторы «Русагротранс» компаниясын тәубесіне келтіретін бір қадам билік тарапынан жасалына ма жоқ па, осы жұрттың бәрін осы мәселе алаңдатуда.

2017 жылдың қаңтарынан бастап, жылдық тасылынымы 6,5 мың вагоннан тұратын тасымал құқығына ие «Астық Транс» компаниясы «Русагротранс» АҚ  қарауына 100% өтіп кетті де, елімізде нанның үздік қымбаттауы тұрақты орын алатын құбылысқа айналды. Содан бері аты –  қазақ, заты – ресейлік компания үнемі әлеуметтік маңызы бар тауаралар ұн мен нанның қымбаттауын тоқтатар емес. 

«Дани-Нан» холдингінің Бас директоры Гайбилла Ерметовтің айтуынша 2020 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны арасында «Астық Транс» тарифті үш рет көтерген. Енді ол бұнымен тоқталып қалмай тасымал тарифін 11%-ға көтеріп отыр. Сондағы айтар сылтаулары вагондардың жөндеуі мен техникалық қызметіне кететін шығындардың өсіп кеткендігі. 

Және осы тасымалдағы кедергінің бірі «ҚТЖ» сапасыз темір жол тасымалы қызметін көрсетуі де оңтүстіктегі 15 мыңнан астам ұн өндірушілерінің бас ауруына айналғандығын да айта кеткеніміз жөн. Вагонға тиелеген өнімінің теміржол бекеттернің тұйығында іркіліп тұрып қалуына тағыда айыппұл төлейтін оңтүстіктегі ұн өндірушілер болып шыға келеді. Ал, «Астық Транс» пен «ҚТЖ» сүттен ақ, судан таза өз кінәлерін мойынан еш алмайды. 

Бұрын бір вагон Нұр-Сұлтаннан Шымкентке дейін 450 мың теңге тұрса, енді «Астық Транс» пен «ҚТЖ» жауапсыздықтары кесірінен 520 мың теңгеге жетіп отыр. Оңтүстікке жол тартатын әр 200 вагонға оңтүстіктегі ағайындар үстінен 12 млн теңге төлеп отырған жайы бар. 

Енді бетімен кеткен «Астық Транс» пен «ҚТЖ» ауыздықтайтын не биліктен, не депутаттардан бір жан табыла жоқ па!?

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

15 пікір