Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2806 11 пікір 21 Қаңтар, 2021 сағат 11:15

Джо Байденнің ұлықтау рәсімі өтті

20 қаңтар күні АҚШ тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің ұлықтау рәсімі өтті.  

«Мен, Джо Байден, Құрама Штаттардың президенті міндетін адал атқаруға және Құрама Штаттардың Конституциясын қолымнан келгенше қолдауға, күзетуге және қорғауға салтанатты түрде ант етемін»,- деді ол.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта Америка халқын біріктіру мақсатында жұмыс істейтінін айтты.

«Барлық мәсеселені шешу үшін, көңілімізді жайлы етіп, Америка болашағын қамтамасыз ету үшін құр сөзден әлдеқайда көп нәрсе керек ... - бірлік ... Бүгінде көңілім Американы нығайту, халқымызды біріктіру, ұлтымызды біріктіруді қалайды. Мен әрбір америкалықты осы мақсатта маған қосылуды сұраймын», - деді Байден.

Байденнің айтуынша, бұл сайлау арқылы демократия жеңіске жетті.

«Бұл - Америка күні, бұл - демократия күні. Тарих пен жаңаруға үміт күні. Біз бүгін кандидаттың емес, мақсаттың жеңгенін атап өтеміз. Мақсат - демократия. Халықтың қалауы тыңдалды. Біз тағы да демократияның бағалы екенін ұқтық. ... Міне, достар, қазір демократия жеңді»

Айта кетейік, демократиялық партия атынан сайлауға түскен 78 жастағы Джо Байден АҚШ-тың қырық алтыншы президенті болды. Ол қарашада өткен президент сайлауында Дональд Трампты жеңді. Трамп Байденнің ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартты.

Abai.kz

11 пікір