Жұма, 19 Сәуір 2024
3536 4 пікір 20 Қаңтар, 2021 сағат 18:43

Елжан Біртановты қамау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды. Енді ол үй қамақта 28 ақпанға дейін отырады.

Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді.

- Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауын төрт айға дейін ұзартты. Ол үш рет болды,енді  ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады. Қорғаушы ретінде мен онымен үйде үнемі кездесіп тұрамын, өйткені ол үй қамауында. Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ, - деп қосты Дмитрий Куряченко.", - деді Дмитрий Куряченко.

Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Abai.kz

4 пікір